Алматыда Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау Ұлттық орталығының сынақ орталығында Қазақстан мен АҚШ Фармакопеялық конвенциясымен үйлесімді қатынастар орнату туралы келісім-шартқа қол қойды.
Американың USP президенті, доктор Роджер Уильямс пен Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак қол қойған бұл маңызды құжат – денсаулық сақтауды халықаралық деңгейде нығайтуға ықпал етудегі меже болып табылмақ. Ұсынылған фармакопеялық орталықпен келісім жүзінде ғылыми алмасу – Қазақстан азаматтарына ғана емес, сондай-ақ өз өнімдерін басқа елдің саудасына шығаруды қалайтын қазақстандық фармацевтикалық өндірушілерге де пайдалы.
Мемлекеттік фармакопея (МФ) – ол дәрілік құралдардың сапасы мен қауіпсіздігінің тәртіптерін белгілейтін стандарттар мен ережелердің жинағы. Отанымыздың МФ-сы өз азаматтарына кепілдік беретін ең аз рұқсат етілетін сапа деңгейін ұсынады. Онымен қамтамасыз ету мәселесі ұлттық денсаулық сақтау ұйымдары үшін де, бүкіл дүниежүзілік фармацевтикалық қауымдастық үшін де маңызды мүддеге ие.
Іс-шара аясында дәрілік құралдар сапасын қамтамасыз ету және фармакопеялық талаптарды үйлестіруге атсалысу саласындағы сапа, тазалық, дәрілердің түпнұсқалығы мен тиімділігін бірге пайдалану туралы екіжақты ынтымақтастық жоспарланды. Осы келісімшарт бойынша фармакопеялық орталық 5 жыл бойына Ұлттық формуляр (USP-NF) – АҚШ фармакопеясынан құжатталған стандарттарды отандық фармакопеяға қосу және арнайы мамандандырылған журналда басу құқығына ие болды. Стандарттар толық көлемде іске қосылып, сондай-ақ фармакопеялық орталықтың талаптарына сай келуге бейімделеді.
Ал USP-ға келсек, дәрілік құралдардың, тамақтану өнімдері мен емдік қоспалардың сапасы, түпнұсқалығы, тазалығы және тиімділік стандарттарын белгілейтін коммерциялық емес ғылыми ұйым болып табылады. Дәрілік құралдарға арналған USP стандарттары АҚШ-тың тамақ өнімдері мен дәрілік құралдардың сапасын қадағалау жөніндегі басқармасы (FDA) арқылы заңнамаға енгізілген.
USP-NF – сапа стандарттарын пайдалану мүмкіндігі Қазақстан халқының денсаулығын қорғауға қосылатын елеулі үлес. USP-мен серіктестік Қазақстан фармакопеясы үшін дүние жүзінде мойындалған сапа стандарттарына жол ашады. Фармакопеялық орталық USP-NF құжатталған стандарттарын пайдаланудан басқа, фармацевтикалық өндірушілер мен реттеуші ұйымдар дәрілік құралдардың сапасы мен түпнұсқалығын салыстырып тексеретін физикалық және химиялық эталондар болып табылатын сәйкесті стандарттық үлгілерді қолдану мүмкіндігін қарастырады.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.