10 Желтоқсан, 2010

Жүк вагондары Екібастұзда жасалады

608 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Екі­бастұздағы «Проммашкомплект» және «Қа­зақ­стан вагон жасау компаниясы» кәсіп­орын­дарын аралап, жұмыстарымен таныс­ты. Кәсіпорындарда бұл күндері елі­міздегі жаңа индустрияландыру бағ­дар­­ламасы аясында серпінді жобалар жүзеге асуда. Өндірісті өңірдің кәсіп­орын­дары қатарын толықтырып темір жол рельстерін бағыт­тау­ға арналған құ­ралдар, жолдарды айыру­шы тетік және жөндеу жиынтықтарын шы­ғаратын «Пром­­машкомплект» атты жаңа өндіріс орны құрылуда. Бұл жоба индус­трия­ландыру картасына енген. Құны 9,4 мил­лиард теңгені құрайды. Еліміз темір жолға аса қажетті құрал-жабдықтарды бас­қа елдерден сатып алып отырғаны мәлім. Ал, «Проммашкомплект» компаниясы бол­са, ресейлік зауыттар шығаратын жаб­дық­­тарды еліміздің өңірлеріне әкеліп сата­тын бірден-бір ірі ресми дилер болып отыр. Серіктестік басшысы Алек­сандр Леонецтің айтуына қарағанда, жо­ға­рыдағы серпінді жоба толықтай жүзеге асқанда жоғары тех­но­­логиялық иннова­циялық өндіріс құ­ры­лып, ол еліміздің көлік инфрақұрылымын да­мытуға жол ашады. Ал, кәсіпорында жа­ңа­дан 380 адам үшін жұмыс орындары ашы­лады. Бұдан кейін облыс әкімі «Таман» ЖШС негізінде құрылған вагон жасау зауы­тын аралап көрді. Зауыттың алдағы уақытта жылына 2500 вагон жасап шығару мүм­кін­дігі бар. Бұл күндері зауыт 109 вагон жасап шығарған. Барлығы да «Қа­зақстан темір жолы» АҚ-тың еншілес кәсіпорны «Қаз­те­мір­транс» компания­сына жіберіліпті. Өнді­ріс орны олармен 8 мың вагон жасап беруге келісім-шарт жа­сасқан.  Байырғы жұмыс­шы­­лар бұл вагон депосы­ның кезінде жы­лына 10 мың вагон жөндей алатындай қуаты болды деп еске алды. Өкі­нішке орай, 90-шы жыл­дардағы қиындық кез­де­рінде вагон де­по­­сының бірқатар құ­рал-жабдық­тары саты­лып кетті. Кейбір бөліктері істен шығып қалды. Дегенмен де, депоның қазір өн­діріс­тік бөлімдері, коммуникация құры­лым­дары сақталып қалыпты. Оның негі­зі­нің сақта­лып қалғаны дайын тұрған кә­сіп­орынға құрал-жабдықтар орна­тып, бұл жерден жаңа өндіріс орнын ашуға, осы заманға сай жүк вагондарын жасауға жақсы мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпорын 20 жылдан бері осы күнге дейін вагон­дар­ды күрделі және деполық жөндеулер­ден өткі­зу­мен айналысады. Бір жылда 4 мың жүк вагондарын қайта қал­пы­на келтіруге мүм­кіндіктері де жетеді. Ал, бұрын елімізде жүк вагондарын жасайтын зауыт болған жоқ. Вагондар жасайтын Ре­сей­дің өзі де бұл күндері қарқындарын бә­сең­де­тіп алып­ты. Әрі шеттен сатып алынған жүк тасы­малдайтын вагондар бірнеше есе қымбатқа түседі. Бұл мәселе Үкімет дең­гейінде де қаралып, биылғы жылдың мамыр айында облысқа жасаған жұмыс сапарында Үкімет басшысы Кәрім Мәсі­мовтің өзі «Таман» ЖШС-ға келіп нақты іске жол бастап берді. Бұған дейін «Қа­зақстан темір жолы»  АҚ президенті  А.Мамин мен ресейлік «Транс­маш­холдинг» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Бокарев арасында темір жол саласына арналған мәшине жасау кәсіп­орын­дарын ашу жөнінде өзара қарым-қа­тынас тура­лы меморандумға қол қойыл­ды. Бұл күн­дері қол қойылған жобалар іске аса бас­тады. Жаңа жобаның құны – 6 млрд. теңге. Қаржы кәсіпорынның өзінен және Қазақстан Даму банкінен бөлінді. Темір жол мамандары еліміз бойынша  20-30 мың жүк тасымалдайтын вагондар жетіспейтінін ай­та­ды. Мәселен, көмір тасуға арналған ашық бір вагонның құны 80 мың АҚШ доллары тұрады екен. Сон­дықтан бірлескен қазақ­стан­дық-ресейлік вагон құрастыру зауытын ашу мәселесін өмірдің өзі тудыр­ды. Жүк та­сымалдайтын вагон шығаруды Екібастұзда  қолға алу­дың да өзіндік себебі бар. Бұл жердегі қазан­шұңқырда еліміз бойынша кө­мірдің 80 пайызы өндіріледі. Сондықтан көмір тасымалында ашық ва­гондарды ең көп керек ететін осы жердің ке­ніштері болып табылады. Зерттеу жұ­мыс­та­рын жүргіз­ген темір жол саласы ма­ман­дары осын­дай нақты шешімге келіп кетті. Жалпы, бүгінде еліміздің ішкі жүк ай­налым жолдарында Қытайдан әкелінген вагондар пайдаланылса, халықаралық та­сы­мал бойынша Ресей мен Украинадан жеткізілген вагон құралдары қолданыста жүр. Қытайлық вагондардың бағасы арзан бол­ға­нымен, пайдалану мерзімі қысқа әрі са­па­сы төмен болатыны да белгілі. Екібас­тұздық вагондар елдегі вагон паркін то­лық жаңарта алмаса да, жүк айналымы­ның маңызды бөліктерінде біраз мүмкін­діктер тудырары анық. Мамандардың пікірінше, 70 тоннаға дейін жүк көтеретін бұл құрал­дардың қолданыс мерзімі 22 жылды құрай­ды екен. Зауытта алдағы жылдары 600-дей адамға жаңа жұмыс орындары ашылады. Мы­са­лы, биыл облыста жүзеге асып жат­қан жобалардың үштен бір бөлігі Екібастұз өңіріне тиесілі болып отыр. Келесі жылы  көп­тен бері сөз болып жүрген, ГРЭС-2 стан­­сасының №3 энерго­бло­гы­ның құрылы­сына қажетті құрал-жабдықтар да жеткізіле бастайды. Облыс әкімі Бақыт­жан Сағынтаев қазірдің өзін­де облыста 12 жоба іске қо­сыл­ды, енді жыл аяғына дейін тағы 18 жоба осы қатардан көрінетінін атап өтті. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.