10 Желтоқсан, 2010

Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәскеудегі ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі отырысында қор­ғаныс ведомстволарының бас­шылары алдағы 2011 жылдағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қа­лыптастыруда бірлесіп өткізетін шараларды талқылады. – Отырыста қаралған мәсе­ле­лердің барлығы дерлік қи­сын­ды әрі бір-бірімен тікелей байла­нысты. Олардың дені әс­кери да­мудың стратегиясын қам­­­тиды және де заманауи тіршілігімізге сәйкес келеді, – деп атап өтті Қазақстан Респуб­ликасының Қор­ғаныс министрі Әділбек Жақсы­беков. – Мұнда сондай-ақ, тұжы­рым­дылық тұр­ғы­сы сипатындағы және тәжі­рибелік бағыттағы өзекті мә­се­лелер де қа­­рас­тырылды. Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты ынтымақ­тастық жөніндегі бірқатар құжат­тарға қол қойды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорға­ныс министрлігі мен Беларусь Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы 2011 жылға арналған ынтымақтастық Жос­пары да бар. Қол қойылған құжаттар жа­уынгерлік әзірлікті бұдан да жо­ғары деңгейге көтеруге мүм­кіндік береді. Ұйымға кіретін мем­ле­кеттердің қарулы күштері бірігіп өткізетін халықаралық жатты­ғуларда біліктіліктерін жетілдіре түспек. Бұл жауынгерлік әзірлікті нығайтуға және арт­тыруға нақты мүмкіншілік бермек, деп хабар­лады Қорғаныс министрлігінің бас­пасөз қызметі.