10 Желтоқсан, 2010

Экономикалық қоғамдастық екінші кезеңге аяқ басты

526 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Кеше Мәскеуде қол қойылған БЭК туралы декларация осындай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр Мәскеу қаласы қазақстандық деле­га­­цияны бұлыңғыр аспанды, ақ боран­ды көңілсіз күйімен қарсы алды. Внуково-2 әуежайындағы қарсы алу рәсімі аяқталған соң Елбасының кортежі Кремльге бет алды. Алдымен Кеден одағы жоғары орга­нының отырысы болды. Оған Кеден ода­ғына мүше елдердің мемлекет бас­шылары мен әрбір мүше ел үкімет бас­шысының осы іске жауапты орын­ба­сары қатысты. Қазақстан жағынан бұл міндеттің бірінші Вице-Премьер Өмірзақ Шөкеевке жүк­телгені белгілі. Осы уақытқа дейін Кеден одағына үш мемлекет: Қазақстан, Беларусь және Ре­сей мүше болып отыр. Был­тыр­ғы жыл­дың 27 қарашасында Минскіде бол­ған мемлекет басшылары дең­гейін­дегі отырыста үш елдің президенттері 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір­ың­ғай кеден тарифтерін енгізу туралы, ал 6 шілдеден бастап Кеден кодексін кү­шіне енгізу туралы келіскен-тін. Бұл Ке­ден одағының өз күшіне енгенінің бел­гісі еді. 2009 жылдың 5 шілдесінде Астанада болған ЕурАзЭҚ-тың Мемлекет басшылары дең­гейіндегі кеңесінде Кеден одағы­ның мүшелері Кеден ко­дексінің өз кү­шіне енуімен одақты құ­рудың алғаш­қы кезеңі аяқталғанын жа­рия­лады. Сол отырыста екінші кезең Бірыңғай экономикалық кеңістік құру екені айтылып, оны құрудың нақты жос­парлары 2009 жылдың  19-20 жел­тоқ­санында Алматыда болған бейресми саммитте талқыланған еді. Сөйтіп, Кеден одағы күшіне енгелі бір жыл өтті, осы уақытта ол қандай нә­тижелер берді, оның қазіргі проб­лемалары мен алдағы перспективалары қандай деген мәселелер кешегі оты­рыс­та кеңінен талқыланды. Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев ЕурАзЭҚ-тың Мем­ле­кетаралық кеңесі отырысының қо­ры­тындысы бойынша болған баспасөз мәс­лихатында Кеден одағы туралы жылы лебіз білдірді. Біз оны құру барысында өзара сауда айналысына кедергі болатын бөгеттерді жою, бірлескен кәсіпорындар құру және біздің елдеріміздің экономи­ка­сына ин­вестициялық қызығушылықты те­рең­дету мақсаттарын көздеген едік. Біз бү­гін сол  мақсаттарымызға қол жет­­кізіп отырмыз. Біздің елдеріміздің іскер топ­тары  Кеден одағын қуа­ныш­пен қарсы алды, дей келіп, соның айғағы ретінде Қазақстанның Ресейге экспортының биыл 38 пайызға, Беларуське экс­пор­ты­ның 50 пайызға артқанын айтты. Бизнес импортқа төлейтін ҚҚС пен акцизді төлеуге 50 күн қосымша мерзім алды, ке­дендік жүк декларациясы 70 еуроға төмендетілді. Осының бәрі бизнес үшін айтарлықтай қолдау. Осылай деген Елба­сы Қазақстан Кеден одағы жұ­мы­сының нәтижесіне қанағаттанатынын мәлімдеді. Одан әрі Нұрсұлтан Әбіш­ұлы бүгінгі отырыста Кеден одағы ко­мис­сиясы туралы келісім-шартқа өз­ге­рістер енгізу туралы хаттамаға қол қой­ыл­ғанын жеткізді. Бұл өзгерістер комиссия шешімдерінің Кеден одағында күшіне тезірек енуіне мүмкіндік беретін болады, деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ Елбасы отырыста Кеден одағы шеңберіндегі Сараптама комиссия­сы құрамының бекітілгенін де жария етті. Оның негізгі міндеті шаруашылық су­бъек­­­тілерінің Кеден одағы комис­сия­сы шешім­дерінің қабылданған құ­қық­тық негіздерге сәйкестігі туралы ша­ғымдарын қарастыру болады. Бүгінгі күннің негізгі қорытын­дысы  Бір­ыңғай эконо­микалық кеңістік құ­ру­дың құқықтық базасын қалайтын көп­теген келісімдерге қол жеткізу болды. Қазақстан басшысы келесі кезекте қа­был­данған құ­жат­тарды атап берді. Со­ның ішінде валюта сая­сатында келісілген қағидаттар ұстану, қар­жы рыногында ка­питалдың еркін қоз­ғалысын қамтамасыз ететін ахуал қа­лып­тастыру, келісілген мак­ро­­экономикалық саясат ұстану ту­ралы келісімдерге қол жеткізілген екен. Президенттің сөзінен, сондай-ақ, та­биғи монополияларды реттеу, мұнай мен газ, ауыл шаруашылығы, еркін бә­се­келестік, қызмет көрсету  өнер­кәсіп­тік субсидиялар мен интеллектуалдық меншік салалары бойынша келісімдер әзірлеу қажеттігі талқыланғаны белгілі болды. Енді сарапшылардың алдында 2012 жылдың 1 қаңтарында Біртұтас эко­номикалық кеңістіктің өз күшіне енуін қамтамасыз ететін қол қойылған құ­жаттардың күшіне енуіне жағдай жа­сайтын  мемлекетішілік процедура­лар­ды дайындау міндеті тұр. Сонда біз келісілген экономикалық саясатты жүр­гі­зе алатын боламыз. Ол бізде капи­талдың, қызмет пен жұмыс күшінің еркін айналысын қамтамасыз етіп, БЭК-ке мүше мемлекеттердің инфрақұры­лым­дарына еркін қол жеткізуге мүм­кіндік беретін болады, деді Н.Назарбаев. Осы қатарда Президент Еуро­одақ­тың құрылуына 35 жыл керек болғанын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Қа­зақстан, Беларусь және Ресей  ара­сында Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы декларация қабылданғаны белгілі болды. Біз Біртұтас эконо­ми­ка­лық кеңістік 2012 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап өз күшіне енетінін бекіттік және оған  басқа елдердің де енуіне жол ашық. Ол бізді Еуразиялық эко­но­микалық одақ құруға жақындата түседі, деді осы мәселеге байланысты сөзінің соңында Қазақстан Президенті. Қол қойылған декларацияның мә­тіні журналистерге де таратылды. Онда негізінен Президент Н.Назар­баев­тың сө­зінде айтылған мәселелер қарас­ты­ры­лып­ты. Жалғыз-ақ Кеден одағы мү­ше­лері Қырғыз және Тәжікстан рес­пуб­ли­каларының одаққа тезірек енуіне үміт білдірген тұсын ғана қосуға болады. Сонымен қатар, отырыста Кеден ода­ғына мүше мемлекеттердегі пас­порт-визалық бақылаудың біріздендірілгені белгілі болды. Осыдан кейін ЕурАзЭҚ-тың Кеден одағына енбейтін мүше мемлекеттері қа­тысқан отырыс болды. Оған тек қана Мемлекет басшылары мен ұйымның Бас хатшысы ғана қатысты.  Бұл  ұйым­ның жалпы алғанда 29-шы отырысы еді. Кремльдің Әулие Екатерина ордені атындағы залында болған бұл оты­рыс­тарда ұйымның атқарған шаруалары, өзекті проблемалары және даму перс­пективалары қарастырылды. Сонымен бірге, ұйымға келесі кезекте төрағалық ететін ел белгіленді. Қазір ЕурАзЭҚ-қа жоғарыда атал­ған Кеден одағына мүше елдерден бас­қа Қырғыз, Тәжік Республикалары мү­ше ретінде енеді. Өзбекстан 2008 жыл­дың желтоқсан айынан ұйымға қаты­суын тоқтатқан болатын. ЕурАзЭҚ-қа Армения, Молдова және Украина бай­қаушы ретінде қатысады. Кремльдің Александр залында ЕурАзЭҚ-тың кеңейтілген құрамдағы оты­рысы болды. Оған әр жақтан мемлекет басшыларынан басқа он адамнан қатысты. Оны қарсы алушы жақ ретінде Ресей Президенті Д.Медведев ашып, мәжілісті одан әрі жүргізу құқын Мем­лекетаралық кеңестің қазіргі төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевқа берді. Елбасы негізгі мәсе­ле­лердің бәрі шағын құрамдағы кездесуде талқыланғанын, қазір әріптестерінің сөз айтуға сұранбағанын ескеріп, күн тәр­тібінің келесі мәселесіне көшті. Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ-тың құрылғанынан бергі 10 жылда ай­тар­лықтай табыстарға қол жеткізілгенін атап өтті. Онда Мемлекетаралық кеңес­тің келесі төрағасы болып Ресей  сай­ланғанын жария етті. ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық ке­ңе­сіндегі ең маңызды нәтижелерді ай­та­тын болсақ, онда шаруашылық субъек­тілерінің Кеден одағы шеңбе­рін­де ЕурАзЭҚ-тың сотына шағым жасай алатындығы туралы келісім мен ұй­ымның 2011-2013 жылдарға және одан кейінгі жылдарға арналған Басым бағыттарын дамыту туралы келісімдерге қол қойылғанын айтуға болады, деді Елбасы. Ұйымның жоғары деңгейдегі келесі отырысы алдымыздағы жылдың екінші жартысында Ресейде өтеді. Одан әрі Қазақстан Президенті Кеден одағының әлемдік аренада таны­лып, құқықтық субъект болу  жолында да жұмыстар жүргізіліп жатқанын, осы қа­тарда Жаңа Зеландия мен Еуропаның еркін сауда жасау ассоциациясымен ке­ліссөздер жүргізілгенін атап өтті. Швей­цария, Норвегия, Лихтенштейн, Исландия сияқты елдер енетін ассоциация Кеден одағын сауда әріптесі ретінде таныған. Бұл – әрекет Кеден одағының әлемдік сауда субъектісі ретінде танылуына мүмкіндік берген үлкен жетістік,  деді Қазақстан басшысы. Осыдан кейін құжаттарға қол қою рәсімі болды, ол аяқталған соң президенттер журналистермен баспасөз мәс­лихатын өткізді. Оны төраға ретінде Қа­зақстан Президенті Н.Назарбаев жүр­­гізіп отырды.  Ресей Президенті Д.Медведев отырыстың өте жемісті бол­ғанын атап өтті. Соның ішінде ол Кеден одағын күшейту бағытында көптеген құжаттарды әзірлеген қызметкерлерге алғысын білдірді. Беларусь Президенті А.Лукашенко Кеден одағына  басында күдікпен қарағанын жасырмады. Бірақ мұнай өнімдеріне өз арамызда баж салығының салынбауы бізге бұл одақтың тиімді екенін бірден көрсетті. Енді табиғи газ тұрғысында да осындай келісімге қол жеткізуді ойлап отырмыз, деді ол. Жақсыбай САМРАТ.