16 Желтоқсан, 2010

Көркіне көрік қосылды

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің мерейлі мерекесі ал­дын­да   Нұра ауданының Изенді ауы­лы тұрғындары үлкен қуа­ныш­қа бөленді. Біраз жылдан бері бос тұрған мәдениет үйі тә­уел­сіз­дік күні қарсаңында қайта есік ашты. «Жол картасы» бағдар­ла­ма­сы  бойынша республикалық бюд­жеттен  бөлінген   26,4 мил­ли­он  теңге толық игеріліп, ол  адам танығысыз күйде ауыл көр­кін сәндендірді. Жыл басында жер­гілікті тұрғындармен кездесуінде ғимаратты қалпына келтіру жө­нінде уәде еткен аудан әкімі Серік Шайдаров сөзінде тұрды. Ерлан Кенжебаев басқарған  құ­ры­лысшылар  6 ай ішінде ны­сан­ды бастан-аяқ жөндеп шықты.    Төбесі ашылып, қайта жабылды, жылу жүйесі жаңартылып, жарық беру желісі   жүргізілді, еденге ке­ра­могранит төселді. Көрнекті    ма­териалдармен  қапталған іші-сырты  көз тартады. Ғимараттың ашылу салтана­ты­на қатысушылар атынан сөз сөйлеген ұстаз Меруерт Жал­ма­ғамбетова. – Бұл  ауылдастарым   үшін ай­тулы оқиға. Осы  мәдениет үйі 10 жылдан астам қаңырап тұрған еді.  Елбасының ауылды көр­кей­ту­ге арналған    тапсырмала­ры­ның  нақ­ты іске асырылуының бір ай­ғағы санаймыз. Жастардың бос уа­қытын пайдалы өткізуіне  енді барлық жағдай туды. Біз  мұ­ға­лім­­дер, ата-аналар соған қуа­на­мыз, – деді. Спорт орталығы, мешіті, пошта үйі, кітапханасы, наубайха­на­сы, интернаты, қымызханасы, той­ханасы бар аймақтағы көрікті әрі тұрмысы үлгілі  саналатын Изенді ауылы ажарын  мәдениет  үйі одан сайын аша түсті. Айқын  НЕСІПБАЙ, Бикен  АХМЕТОВА,   «Нұра» газетінің редакторы. Қарағанды облысы, Нұра ауданы.