16 Желтоқсан, 2010

Саясат саңлақтары Астана Саммиті туралы

386 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кэвин РАДД, Австралия Сыртқы істер министрі: – Қазақстан ЕҚЫҰ жұмысына тың серпін берді. Расында, Қа­зақ­стан төрағалығына дейін Ұйым жұмысында біршама тыныштық ор­на­ғаны ешкімге де жасырын емес. Мен Қазақстан Президентіне барлы­ғы­мыз­ды үнқатысу алаңына шақыр­ға­ны үшін алғыс айтамын. Және оның конфес­сияаралық, ұлтаралық келісім жолын­дағы жұмысы атап айтуға тұрарлық. Бүгінде бұл – өте маңызды мәселе. Мен Президент Назарбаевтың дін­аралық үнқатысу мен ықпалдастықты мемлекеттер арасындағы қарым-қа­ты­нас құралы деп қарастыру қажеттігі жайындағы ойы ұнады. Мен осы пікірді толығынан қолдайтынымды білдіремін. Саммит аса үлкен жетістік болды. Ол бір мезгілде ұлан-ғайыр аймақта орналасқан елдердің басшыларын жи­на­ды, кеңістіктегі қауіпсіздік мәселе­сін тек бейбіт жолмен қамтамасыз етудің басты қағидат екенін бар­лығына мақұлдатқызды. Ахмет ГЕЙТ, Египет Сыртқы істер министрі: – Мен Қазақстан хал­қын жеткен жетіс­тік­­терімен құт­тық­тай­мын. Қазақстанға келіп, біз жақсы өркендеген мемлекетті көрдік. Қазақстан мен Египет арасындағы қарым-қатынастар жылдан жылға дами береді деп үміттенемін. Питер КЕНТ, Канада Мемлекеттік сыртқы істер министрі: – Менің бұл Астанада алғаш рет болуым. Маған барлығы – қала­ның сәу­леті, елдің қо­нақ­жай­лы­лығы керемет ұнады. Мен үшін осындай беделді фо­румға қатысу – үлкен абырой. Канада Қазақстан көшбасшылығын жоғары бағалайды. Николай БОРДЮЖА, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы: – Астана Саммиті ая­сында тұңғыш рет БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО, ТМД, ҰҚШҰ және НАТО сынды ха­лық­аралық ұйымдардың басшылары жиналды. Бұрын-соңды осындай дәрежедегі басшылардың бар­лығы бір мезгілде, бір шараның аясында бас қосып көрмеген еді. Бұл – Саммит жетістігі. Саммитті ұйымдастыру Қазақстан тарапынан көп тер төгуді қажет етті. Оған Қазақстан Президенті, Сыртқы істер министрі және өзге де мемлекеттік жоғары деңгейдегі лауазым иелері еңбек сіңірді. Анвар АЗИМОВ, Ресей Федерациясының ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты өкілі: – Ресей Федерация­сы­ның делегациясы Қазақ­стан төрағалы­ғына Ұйым­ды жаңа жағ­дайдағы қауіпсіздік мәселесін кешенді қарастыру жайына алып келгені үшін алғысын білдіреді. Ресей Қазақстан­ның әубастан Ұйымды халықаралық қа­ты­настар бой­ын­ша алғы шептегі пози­ция­ларына алып келу жөніндегі ойына қолдау танытты және осы мақсатта қолдан келгенін аяған жоқ. Қазақстандық достары­мыз­ды Сам­миттің салмақты саяси құжатының қабылдануымен құттықтаймыз. Феликс КУЛОВ, Қырғызстан «Ар-Намыс» партиясының көшбасшысы: – Қазақстан ЕҚЫҰ төр­­ағасы ретінде жағ­дай­ды қалыпқа келтіруге ұмы­тылып қана қойған жоқ, бауырлас халық ретінде де көмегін жасады. Ионас СТЁРЕ, Норвегия Сыртқы істер министрі: – Президент Нұрсұл­тан Назарбаев Саммит күн тәртібіне маңызды мәселелерді қой­ды. Мен Қа­зақ­стан басшысын осы бас­тамаларымен құттық­тай­мын. Қазақ­стан­ның Қырғызстандағы оқиға кезіндегі қи­мылы жоғары бағаға лайық. Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп,  көрші елде жағдай тұрақсызданғанда оны қалпына келтіруге күш салды. Ұй­ым­ның осы жылы үлкен табыс­тар­ға жеткенін, ортақ мәсе­ле­лердің алға жылжуында және ұзаққа со­зыл­ған кикілжіңдерді реттеу жолында  ке­ліс­сөздердің мәнді болғандығын айтқым келеді. Клод БЕНЕ, Андорра Туризм, сауда және индустрия министрі: – Андорра өте кішкентай мемлекет болғаны­мен, біздің еліміздің өзінде сіздердің Прези­дент­теріңіз Нұрсұлтан Назарбаевты жақсы біледі. Оны батыл және жігерлі саясаткер деп таниды. Астана Саммитінің қазіргі заман тарихына ма­ңызды саяси шара ретінде енгеніне еш күмән жоқ. Стефан СКЬЯЛДЕРСОН, Исландияның ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты өкілі: – Қазақстан өз төрағалығы тұсында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Саммит жұмысына көп үміт бар, бұл шараны Еуропа ғана емес, бү­кіл әлем әңгіме етуде. Вирджиния КУЛУДОН, ЕҚЫҰ Баспасөз хатшысы: – Өте көп әңгімелер айтылды, соның ішінде мен Астана рухын айқын сезіндім. Қазақстанның бас қаласы бізді өте жылы қарсы алды. Біз осы айрықша жылылықты ризашылықпен қабылда­дық. Ал шын мәнінде осы жылылықтың артында қайнаған жұмыс тұрды, біз діттеген нәтиже­лерімізге жеттік. Саммиттің мақсатына жеткені даусыз. Фране МАРОЕВИЧ, ЕҚЫҰ Баспасөз хатшысының орынбасары: – Мен Қазақстан Сыртқы істер министр­лігінің өкілдерімен саммитке әзірлік барысында ұзақ уақыт бірлесе қызмет еттім. Олар өз жұмыстарын өте жоғары кәсіби деңгейде атқарғандықтан, маған олардан көп нәрсе үйренуге тура келді. Медиа орталықта жұмыс жасауға қажетті барлық жағдайлар жасалды. Мұндағы ауан өнімді жұмыс жасауға өте қолайлы болды. Сыртқы істер министрлігіндегілер өздерінің жұмыстарымен шын мәнінде мақтана алады ғой деп ойлаймын.