21 Желтоқсан, 2010

Альянс Банкі: жеке тұлғалар рыногында өнім түрі мен сапасы арта түспек

431 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Әрбір адамның тағдыры сияқты, әрбір жылдың да өзіндік ерекшеліктері, артықшы­лықтары мен өзгешеліктері аз болмайтын­дығы белгілі. Еліміздегі қаржы институт­тары арасында өз клиенттеріне, оның ішінде жеке тұлғаларға қызмет көрсетуде «Альянс Банкі» АҚ талап деңгейінен көрінуде. Атап айтарлығы, «Банк жеке тұлғалардың жоғары сұранысына орай жаңа өнімдер санын мо­лайтып, сапасын да жоғарылатуда «Альянс Банкі» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашевтың пікірінше, бұл бағыттағы жұ­мыс шын мәнісінде қарқынды жүргізілген. – Банкте өзге де маңызды іс-шаралармен қатар, депозиттер қорын молайтуда іскерлікпен жұмыс істеуге тура келді. Мәселен, би­ылғы жылдың бірінші желтоқсанында оның көлемі 217 миллиард теңгеге жетті. Ал, мұ­ның өзі биылғы 2010 жылдың бастапқы ке­зе­ңімен салыстырғанда 42 пайызға дейін өсіп отыр. Банк өз кезегінде еркін өтімділікті көбейту аясында несиелендіру көлемін де сенімді түрде одан әрі ұлғайта түсуде. Биылғы 2010 жылдың өткен он бір айында біздер өзіміздің корпоративті клиенттерімізді 29 миллиард теңгеге жуық сомаға қаржылан­дыр­дық. Олардың арасында негізінен ал­ған­да сауда-саттық кәсіпорындары, ауыл шаруа­шылығы және өңдеу өнеркәсібі бар. Соны­мен қатар, орта және шағын бизнестің 1700-ден астам кәсіпорны 33 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Сондай-ақ, еліміздегі Ша­­ғын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында он миллиард теңге бөлінді,– дейді Мақсат Қабашев өз ойын ортаға салып. Шын мәнісінде де, «Альянс Банкі» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев айтса айтқандай, қаржы институты биылғы жыл­дың өткен мерзімінде бөлшек сауда рыно­гында клиенттер белсенділігінің айтарлық­тай арта түсуіне банк тарапынан жасалған бірқатар ұтымды іс-шаралардың ықпал еткендігі сөзсіз. Анығырақ айтқанда, Альянс Банкінің тұтынушылық мақсаттарға арнал­ған, сонымен қоса кепілдіксіз несиелерді қай­тадан қалыпқа келтіруі және жеке тұл­ғаларға арналған алуан түрлі көптеген жаңа өнімдерді шығаруының бүгінгі таңда ма­ңыздылығы зор болғандығы айдай ақиқат. Банктің бірінші желтоқсандағы жағдайында жалпы сомасы 17 миллиард теңгені құрай­тын 27 мың бөлшек кредит беруі көп нәр­седен хабар берсе керек. Биылғы жылдың қараша айындағы банк­тің даму стратегиясына енгізілген түзету­лер­ге сәйкес, Альянс Банкінің жалпы ссудалық портфеліндегі бөлшек несиелендірудің үлесі келешекте де ұлғайып, көбейе түспек. Ал­дын-ала жасалған болжамдарға сәйкес, бұл 45 пайызға жететіндігі сөзсіз. Сала бас­шы­ларының тұжырымдауынша, қаржы инсти­тутында оған толықтай жағдай жасалған. Банк филиалдары жүйелерінің, бөлімшелері мен банкоматтардың тармақталуының, үлкен клиенттік қордың болуы, сондай-ақ тартым­ды шарттар кеңінен қарастырылғандығын атап айту қажет. Сонымен қоса, жаңа өн­імдердің көптеп шығарылуы және клиенттерге көрсетілетін қызметтің шұғыл түрде атқарылып, сапасының жақсаруының маңы­зы зор болды. Сөз реті келгенде айта кететін тағы бір жәйт, Альянс Банкі биылғы жылдың наурыз айында өз қарызын қайта құрылымдауды елі­міздің қаржы жүйесі арасында алғаш­қы­лардың бірі болып аяқтап, сөйтіп балансты тазартып, айтарлықтай сауықтырды. Әрине, мұның өзі айтуға оңай болғанымен, біршама күрделілік әкелгендігі айтпаса да түсінікті. Ең бастысы және ең өзектісі банк өткен жылда көпшілікке өзінің келешекте одан әрі дамуға деген қабілет-қарымының мықты екендігін дәлелдеп шықты. Бір құптарлығы, бұдан бұрынғы кезеңде кездескен қиын­дық­тар, проблемалар банк клиенттерінің қата­ры­ның азаюына әсер етеді. Керісінше, банк тұтынушылары, жеке тұлғалар қаржы инс­ти­тутындағы белсенділік пен қажырлы еңбекті жоғары бағалай білді. Ал, енді қандай да болсын жетістіктің, табыстың сыры – ұй­ым­дастыру шеберлігінде екендігі сөзсіз. Дағ­да­рысқа дейін Альянс Банкі бөлшек несиелеу рыногы секторында алдыңғы шептен көрін­ген­дігі ешкімге де жасырын емес. Сондық­тан да, бүгінде көпшілік бұл банкті бөлшек сауда жүйесіндегі, жеке банк ретінде қа­былдайды. Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, банк стра­тегиясына өзгерістер енгізілуі және қа­зіргі қалыптасқан жағдай «Альянс Банкі» АҚ-да жаңа 2011 жылы активтердің он үш пайызға дейін өсуіне ықпал етпек. Биылғы жылда депозиттік қордың дамуы сала ма­ман­дарының пікірінше, қалыпты деп баға­ла­нуда. Тілге тиек етуге тұрарлық тағы бір мә­селе – мұнда шетелдік тәжірибенің пайдала­ны­луы өз нәтижесін беруде. Әсіресе, банктің клиенттері, жеке тұлғалардың ұсыныстары негізінде, яғни олардың талап-тілегіне орай қызмет көрсетуі табысты молайта түсуде. Мәселен, бір өнімнен ставкалары мен мерзімдері әртүрлі, алты түрлі ұсыныс алуға болады. Сонымен бірге, қаржы институты рыногында тұтынушыларының кредитке деген сұранысының ұлғайып, кредиттік мүм­кіндіктің дамуы айқын байқалуда. «Альянс Банкі» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қа­башевтың айтуынша, «мұның бәрі елімізде экономикалық жағдайдың жақсаруына бай­ла­нысты». Сондықтан да, қазақстандықтар болашаққа сеніммен қарап, өз қажетті­ліктеріне орай кредит алуда. Өз тұтынушыларының сұраныстарын мүм­кіндігінше талап деңгейінде қанағаттан­ды­ра­тын және де олардың, яғни жеке тұлғалардың қиын жағдайдан шығуына көмектесетін қар­жы институттарының жұмысы жөнінде атап айтқан жөн. Бұл орайда, «Альянс Банкі» АҚ займдарды қайта құрылымдауда үлкен де іргелі іс-шараларды жүзеге асырғандығы көп­шілікке жақсы мәлім. Өйткені, банк клиенттері займды өтеу бойынша көптеген қиын­дыққа ұрынған болатын. Жеке тұлғаларға уақытында көмек қолын созған банк жалпы сомасы 57 миллиард теңгені құрайтын он мыңға жуық займды қайта құрылымдады. Мұның өзі жеке тұлғалар рыногында атқа­рылған ауқымды жұмыстың бір бөлшегі десе де болады. Қазақстандық тұрғындардың кө­ңі­лінен шығатын тағы бір ұтымды жоба – банктегі «Қарызды өтемақысыз өте» атты акцияның өз жалғасын табуы десе де бо­ла­ды. Қазірдің өзінде, айналдырған бір жарым жыл көлемінде бұл бағдарлама қызметін 600 мыңға жуық жеке тұлғалар пайдаланған. Жеке тұлғалар рыногындағы жеңілдік­тер­ді қамтитын бағдарламалардың арасындағы қолайлы әрі тиімділігімен ерекшеленетін та­ғы бір бағдарлама – клиенттің өз қарызын өтеуге мүмкіндік берумен қоса, оның жаңа кредиттік желілерді пайдалануына ықпал­да­сады. Қаржы институтының бүгінгі таңдағы ұстанымы, берік қағидасы – жеке тұлға­лар­дың, яғни клиенттердің жағдайымен сана­сып, түсіністікпен жұмыс істеу десек артық айтқандық емес. Сондықтан да, қарызды өтеудің ұтымды жолдары қарастырылуда. Сөйтіп, биылғы 2010 жылы жеке тұл­ға­лар рыногында біршама ауқымды жұмыстар атқарылып, банк тұрақты даму жолына түс­кендігін сала басшылары атап көрсетуде. Альянс Банкінің өз ұстанымын одан әрі нығайтуын тек «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басшылығымен жұмыс істеуімен ғана байланыстырып қоюға болмайды, себебі оған рыноктік факторлардың да ық­палы аз емес. Сонымен, биылғы жылдың өткен уақытында бірқатар жетістіктерге қол жеткізген банк несиелендірудің жаңа бағдар­ла­масын келешекте қандай бағытта жүргіз­бек? Альянс Банкі басшылығы жеке тұлға­лар­ға ұсынылатын қызметтер шарттары ал­дағы уақытта да өте икемді болатындығына сенімді. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.