21 Желтоқсан, 2010

Қос тарапты ықпалдастық көрінісі

356 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Минскіде (Беларусь Республикасы) жұмыс сапарымен жүр­ген Пар­ламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев беларусьтік әріптестері – Ұлттық Жиналыстың Республикалық Ке­­ңе­сінің төрағасы Анатолий Рубиновпен, Ұлттық Жина­лыс­тың Өкіл­дер палатасының төрағасы Владимир Андрейченкомен кездесті. Кездесу барысында Беларусь Парламенті палаталары­ның бас­шы­лары Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін жо­ғары ба­ға­ла­ды және ЕҚЫҰ Астана Сам­ми­тінің табысты өтуі­мен құттықтады. Жүздесушілер екіжақты қа­ты­­настарды, оның ішінде пар­ла­­мент­аралық деңгейдегі үнқа­ты­­су­ларды одан әрі дамыту мә­се­лелері бойынша пікір алмасты. Қ.Тоқаевтың пікірінше, «Қа­зақ­стан мен Беларусь парламенттері арасындағы қарқынды бай­ла­ныстарды дамытуға ЕурАзЭҚ, ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА секілді парламенттік қыз­мет­тестік құры­лымдар аясын­да­ғы ынтымақ­тастық ықпал ете­тін болады». Төраға өзара сауда-эконо­ми­ка­лық іс-қимылға қатысты «Қа­зақстан мен Беларусьтің ын­ты­мақтастығы биыл белсенділігімен айшықталды», дей келіп, оның келешегінің табысты бо­луы «Кеден одағы аясындағы бір­­қатар ауқымды бағ­дарла­маларды жүзеге асыруға» байланысты екенін атап өтті. «Кеден одағы, ал келешекте оның негізінде Біртұтас эконо­микалық кеңістіктің құрылуы, – деді Қ.Тоқаев, – біздің елдері­міздің сыртқы экономикалық стра­тегиясындағы сапалық тұр­ғы­дағы жаңа бетбұрыс болып та­былады, ол сауда-эко­номи­калық ынтымақтастықты одан әрі да­мы­туға тың серпін береді. Бұл жағ­дайда сауда айналымы көлемін 3 миллиард долларға дейін жеткізу туралы екі мем­лекеттің басшы­лары алға қойған міндетке толық қол жеткізуге болатыны атап өтілді. Алдағы жылы ТМД-ның құ­рылғанына 20 жыл толады. Қ.То­­қаев: «Қазақстан мен Беларусь мерейтойлық атаулы күн­дерді лайықты атап өтетін бо­лады, бұл бағыттағы бірлескен жұ­мыс­тар екі елдің халықтарына іс жү­зіндегі пайдасын береді», – деді. Осыған байланысты Төраға білім беру саласындағы ынтымақтас­тықты белсенділендіруді жақтап, қазақстандық жас­тарды Беларусь жоғары оқу орындарына оқуға жі­беру мүм­кіндіктері туралы айтты. Әріптесінің пікіріне Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің басшысы А.Рубинов қолдау білдірді. Депу­тат­тың пікірінше, «білім беру са­ласындағы ынтымақтастық бірінші кезекте маңызды, өйткені, білімсіз табыс­ты мемлекет құру туралы айту мүмкін емес». В.Андрейченко да екіжақты қатынастардың барлық кешені бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін ай­тып, «Қазақстанның халықара­лық бастамаларын жүзеге асы­руға, оған қолдау білдіруге» Беларусь тарапының әзірлігін жеткізді. Минск сапары барысында Қ.То­қаев сондай-ақ Сайлау және рес­публикалық референдумдар өт­кізу жөніндегі орталық коми­теттің төрағасы Л.Ермошинамен, Сыртқы істер министрі С.Мар­тыновпен, ЕҚЫҰ-ның Минскідегі Кеңсесінің басшысы Б.Халлермен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан Сенаты­ның басшысы Беларусь Респуб­ликасы Президентінің сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ ПА Мис­сиясы басшысының орын­басары ретінде сайлау мониторингіне қа­тыс­ты. ЕҚЫҰ ПА бай­қаушылар мис­сиясы құрамында Сенат депу­таттары Оралбай Әб­ді­кәрімов, Әділ Ахметов, Сергей Плотников, Мә­жіліс депутаты Свет­лана Бычкова жұмыс істеді, деп хабарлады Қа­зақстан Рес­публикасы Парламенті Сена­тының баспасөз қызметі.