24 Желтоқсан, 2010

Біз де өз үлесімізді қосамыз

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздігіміздің 19 жылды­ғы қарсаңында жаңа елордамыз Астана қаласында тұңғыш рет Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев­тың төрағалығымен еліміз Еу­ропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымының Сам­миті­н жоғары деңгейде өткізді. Мұны біз Қазақстан Президенті­нің бағындырған ең жоғары бе­лестерінің бірі деп есептейміз. Статистикаға жүгінсек, қазіргі таңда Қазақстанда 48 000 жасөс­пі­рім ата-аналарының қарауын­сыз қалған балалар ретінде тіркеу­де тұрады, ал тіркелмегендер саны беймәлім. Дегенмен, қазіргі кезде Қазақстандағы балалар үйіндегі тастанды балалар саны өткен жылмен салыстыр­ғанда едәуір азайған, оған себеп бала­ны патронатты асырап алу, сәбиі жоқ отбасылардың баланы көп­теп асырап алуы және жалғыз­бас­ты аналар мен аз қамтылған отбасыларға көрсеті­летін мемлекеттік көмектің ұл­ғаюы. Бүкіл қазақстандықтарды ЕҚЫҰ Саммитінің жоғары деңгейде өтуімен арнайы мектеп-интернат басшылығы және ұжымы аты­нан шын жүректен құттық­тай­мын. Алда келе жатқан жаңа 2011 жыл жаңа табыстар әкелсін деп тілеймін. Еліміздің туын жоғары ұстап, қырандай самғап, биік шың­дарға қол жеткізе берейік дегім келеді. Қазақстанның өркен­деуі мен дамуына ата-ана­ла­ры­ның қамқорлығынсыз қалған жет­кіншектерді тәрбиелеу мен әлеуметтік оңалту арқылы біз де өз үлесімізді қосатын боламыз. Ш.СӘРСЕНБАЕВ, облыстық арнайы мектеп-интернат директоры. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.