Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының құрылуы – бұл қазақстандық барлық интеграциялық бастамалардың серіппелілігі. Үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптастырылуы болады. Бұл капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етілетін интеграцияның әлдеқайда жоғары деңгейі» деп атап көрсетілген.
Осылайша, Кеден одағын құру біздің мемлекеттеріміздің неғұрлым тығыз кірігуінің қажеттілігінен туындады және мемлекеттердегі экономикалық әлеуетті ескере отырып, өзара инвестицияларды тартуға және бірлескен өндірістерді құру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.
Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) туралы шарт жасасу рынок шекараларын бір мемлекеттің аумағынан үш мемлекеттің аумағына дейін кеңейтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар тараптардың монополияға қарсы ұлттық органдарының бәсекелестік саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілдерін, қағидаларын, сондай-ақ БЭК-ке кіретін елдердің аумақтарындағы бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтау мен жолын кесуді қамтамасыз ететін бәсекелестіктің қағидаларын қайта қарауын талап еткен болатын.
Сондықтан Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері басшыларының тапсырмасы бойынша БЭК-тің құқықтық негізі болып табылатын 17 келісім әзірленді, олар тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысын реттейді. Тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысы тәрізді негізгі төрт қағидатқа біз БЭК шеңберінде қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, ұмтылуымыз қажет.
Тұтастай алғанда БЭК-тің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын барлық 17 келісімді төрт топқа бөлуге болады. Бірінші – келісілген экономикалық саясатты жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс келісімдер. Екінші блок капитал мен жұмыс күші қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Келісімнің үшінші тобы жұмыс күші қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Төртіншісі табиғи монополиялар қызметтеріне қолжетімділікке қатысты.
Жоғарыда көрсетілген келісімдер пакетіне сондай-ақ Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім кіреді.
Осыған сәйкес, БЭК-ке кіретін елдердің аумағында бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары қолданыста болады, олардың мақсаты тауарлардың, қызметтердің және капиталдың еркін қозғалысын, экономикалық қызметтің еркіндігін және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумақта тауар рыноктарының тиімді жұмыс істеуін, тараптардың бәсекелестік саясат саласындағы заңнаманы үйлестіруі және өзара саудаға теріс әсер етуге қабілетті іс-қимылдарға жол бермеуді қамтамасыз ету үшін бірыңғай бәсекелестік саясатты қалыптастыру болып табылады.
Келісім шеңберінде ұлттық заңнамаларды үйлестіру, монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тексеру, экономикалық шоғырлануға бақылау жасау, монополиялық инфрақұрылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі эксаумақтық өкілеттіктерге ие болуы тиіс бәсекелестік саясат саласындағы бірыңғай ұлт үстілік органды құру көзделеді. Осылайша, келісімде монополияға қарсы ұлт үстілік органдардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің екі немесе одан көп тараптар аумағындағы трансшекаралық рыноктарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе етуі мүмкін бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға, атап айтқанда, жосықсыз бәсекелестікке, бәсекелестікке қарсы келісімдерге, бәсекелестік рынокта үстем жағдайды теріс пайдалануға тыйым салуларды сақтау бөлігіндегі бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жоғары ұлт үстілік органға кезең-кезеңмен беру көзделген. Жоғарыда көрсетілген өкілеттіктер шеңберінде жоғары ұлт үстілік орган, бір және одан көп тараптардың аумағындағы трансшекаралық рыноктарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін келісімде белгіленген бәсекелестік қағидаларының бұзылу белгілерінің болуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарайды, оның ішінде қажетті тексерулерді жүргізеді. Тараптардың уәкілетті органдарының, тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің (рынок субъектілерінің), тараптардың билік органдарының, жеке тұлғалардың өтініштері негізінде немесе өз бастамасы бойынша бір және одан көп тараптардың аумағындағы трансшекаралық рыноктарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін келісімде белгіленген бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы іс қозғайды және қарайды. Айқындамалар шығарады, шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындауы үшін міндетті, оның ішінде осы келісімде көзделген жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілерге санкциялар қолдану туралы шешімдер қабылдайды. Келісім ережелерінің бұзылғаны туралы өтінішпен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотына жүгінеді және осы соттың істерді қарауына қатысады. Сол сияқты келісімнің ережелерін іске асыру үшін қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осылайша, аталған келісім интеграцияланған үдерістің бір қатысушыларының екінші қатысушылардың алдында негізсіз артықшылықтар алуына жол бермеуге бағытталған.
Монополияға қарсы органдардың бірлескен іс-қимылдарының маңыздылығын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ресей Федерациясының Федералдық монополияға қарсы қызметімен (Ресей ФМҚ) бірге Қазақстан мен Ресей Федерациясының ірі ұялы байланыс операторларына қатысты моно_полияға қарсы заңнаманың бұзылуларына бірлесіп тергеу жүргізуі көрсетіп берді. Осы тергеу Қазақстан және Ресей ұялы байланыс операторларының халықара_лық роуминг қызметтеріне қолданатын тарифтерінің жоғары екендігін көрсетті. Екі елдің монополияға қарсы органдары халықаралық роумингке негізсіз жоғары тарифтер белгілеу жөніндегі ұялы байланыс операторларының іс-қимылдарын монополияға қарсы жоғары бағалар белгілеуге бағытталған үстем жағдайды теріс пайдалану ретінде бағалады.
Істерді қарау шеңберінде қазақстандық ұялы байланыс операторлары қазақстандық тұтынушылар үшін халықаралық роуминг қызметтеріне тарифтерді өз еркімен төмендетті. Ресей ұялы байланыс операторлары да халықаралық роуминг қызметтеріне тарифтерді төмен_деткені туралы хабарлады.
Бұл Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының монополияға қарсы органдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында трансшекаралық сипатқа ие монополияға қарсы заңнаманың бұзылуының жолын кесудің үлгісі болып табылады.
Қазіргі уақытта бір және одан көп тараптардың аумағындағы трансшекаралық рынокта бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, оның ішінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтау және жолын кесу бөлігіндегі тараптардың рынок субъектілерінің қатысуымен болатын қатынастар Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің ережелерімен реттелетін болады.
Еуропалық одақты құрудың және оның жұмыс істеуінің оң тәжірибесін назарға ала отырып, Кеден одағы шеңберінде осы келісімді қабылдау және оны қолдану арқылы тараптардың БЭК-тің бірыңғай бәсекелестік саясатты жүргізуі және тауар рыногындағы тең бәсекелестік шарттарын қамтамасыз етуі тараптардың тиімді экономикалық дамуы үшін артықшылық тудырады деп есептейміз.
Нұрлан ӘБІТҚАНҰЛЫ, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жауапты хатшысы.