2011 жылы Қазақстан, ЕҚЫҰ-дан кейін, ИКҰ-ға төрағалық етуге кіріседі. Ислам Конференциясы Ұйымы 1969 жылғы 25 қыркүйекте Рабат қаласында (Марокко) Азия мен Африканың 25 мемлекетінің және Палестинаны азат ету ұйымының мұсылман елдері басшылары конференциясында әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларда ислам ынтымақтастығын қамтамасыз ету, отаршылдыққа, жаңа отаршылдыққа және нәсілшілдікке қарсы күрес және Палестинаны азат ету ұйымына қолдау білдіру мақсатында құрылған болатын. Қазіргі кезде ИКҰ Азияның, Африканың, Оңтүстік Американың, Еуропаның халық саны 1,3 млрд. адамға жететін 57 елін біріктіреді. 2010 жылы халық санының көп болуы мына елдерде тіркелген: Индонезия (231,4 млн. адам), Пәкстан (170, 9 млн.) Бангладеш (162,2 млн.), Нигерия (154,7 млн.), сондай-ақ Египет (78,9 млн.), Иран (74,2 млн.), Түркия (72,6 млн.). Қазақстан 16,2 млн. халқының саны жағынан ИКҰ елдері арасынан 21-ші орын алады.
ИКҰ-да Босния мен Герцеговинаның, Орталық Африка Республикасының, Ресей Федерациясының, сондай-ақ Филиппиннің Ұлттық-азаттық майданы Мороның және бірқатар ұйымдардың (БҰҰ, Қосылмаған елдер қозғалысы және басқалар) бақылаушы мәртебесі бар. Ұйымның штаб-пәтері Жидда қаласында (Сауд Арабиясы) орналасқан. ИКҰ ең ірі және барынша ықпалды ресми үкіметтік халықаралық мұсылман ұйымы болып табылады. Оның жанында ИКҰ конференцияларының шешімдерімен құрылып, қызметін Бас хатшылық үйлестіретін бірқатар дербес ұйымдар әрекет етеді:
• Ислам даму банкі
• Ислам жаңалықтар агенттігі
• Ислам мемлекеттері радиохабарын тарату және телевизия қызметі ұйымы
• Экономикалық және мәдени мәселелер бойынша ислам комиссиясы
• Кәсіби-техникалық білім беру және зерттеулер жөніндегі ислам орталығы
• Ислам ғылыми-техникалық даму қоры
• Ислам өнері мен мәдениетін зерттеу жөніндегі орталық
• Иерусалим қоры, Иерусалим жөніндегі комитет
• Ислам сауда-өнеркәсіп палатасы
• Ислам астаналары ұйымы
• Статистикалық, экномикалық және әлеуметтік зерттеулер жөніндегі орталық
• Сахель аймағының мұсылман африкалық елдерімен ислам ынтымақтастық комитеті
• Кеме иелерінің ислам ассоциациясы
• Ислам сауда дамыту орталығы
• Ислам даму қоры
• Ислам әділдік соты
• Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы.
Ислам әлемімен Қазақстан ғасырлар бойы өзара ықпалдастықта екенін атап өткен жөн. Ислам Қазақстанға бұдан мың жылдан сәл астам бұрын келген. Қазан төңкерісіне дейін 3 миллионнан астам кітап басылған араб жазуы 1929 жылға дейін сақталып келді. Орта ғасырларда әл-Фараби секілді жүздеген жас адамдар Каирдің, Дамаск пен Бағдаттың университеттерінде оқып, М.Х.Дулати және басқалары секілді әлем таныған тұлғаларға айналды. Бейбарыс секілді көптеген жастар өңірдің билік жүйесіне ғасырлар бойы кірігіп келді. Араб саяхатшылары, географтары географиялық карталарды жасап қана қоймай, сауда жолдарын белгілеп, Жібек жолы керуендерімен бірге жүрді. Мұсылман ренессансы Қазақстанға да игі ықпалын тигізді. Қазіргі кезде бұрынғы ұмытылған байланыстардың қайтадан өрлеуі жүріп жатыр.
Бұл ұйымға 1995 жылы мүшелікке өткен Қазақстан жедел даму үстіндегі өңір елдерімен бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастығын өркендетіп келеді. Білім беру, мәдениет, ғылым және технологиялар саласында ИСЕСКО-мен өзара ықпалдастық кеңи түсуде. Ислам даму банкі 2003-2005 жылдары 55 млн. долларға Сызғанов атындағы институт бойынша жобаларды, Гүлшат-Қарағанды және Осакаровка-Вишневка автожолдарын жөндеу және салу, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жобаларын қаржыландырды. Жастарды жұмыспен қамту, спорттық және мәдени айырбас, сауда ынтымақтастығы, көші-қон, экстремизм және лаңкестікке қарсы тұру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
ИКҰ-ның экономикалық әлеуеті
Соңғы кездері ИКҰ-ға кіретін елдер өз экономикаларын айтарлықтай нығайтты. Халқының жиынтық саны бойынша Қытайға тең келетін ИКҰ елдері оған экономикалық әлеуеті жағынан да жақындап қалды. ИКҰ елдерінің жалпы ІЖӨ көлемі 2009 жылы 7,5 трлн. доллар шамасында болды, мұның өзі жалпы әлемдік деңгейдің 12,03 пайызын, ЕО-ның 51,6 пайызын, АҚШ-тың 52,5 пайызын, Қытайдың 85,2 пайызын құрайды. 2000 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 3,7 трлн. доллар, 8,3%, 52,3%, 38,9%, 74,6% болған. Бұл көрсеткіштер әлемдік экономикадағы ИКҰ салмағы өсіп келе жатқанын танытса керек.
Ірі көлемді ІЖӨ-ге (100 млрд. доллардан артық) 17 ел ие болса, 2009 жылы олардың кейбірінің көрсеткіші мынадай болған: Индонезия – 968,5 млрд. доллар, Түркия – 859,8 млрд., Иран – 876,6 млрд., Сауд Арабиясы – 581,3 млрд., Қазақстан бұл көрсетіш бойынша ИКҰ-ға мүше елдер арасында 12-ші орын алады.
ИКҰ елдерінің негізгі экономикалық көрсеткіштері
|
Халқы, |
СҚП бойынша ІЖӨ, |
Сыртқы |
|
|
|
|
млн. |
млрд. долл.* |
|
сауда, |
|
|
|
адам. |
|
|
|
|
млрд. |
|
|
|
|
|
|
долл. |
|
2010 ж. |
2000 ж. |
2004 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. |
2008 ж. |
Әлем |
6820 |
44913,9 |
55500 |
70650 |
62250 |
16100 |
АҚШ |
310,3 |
9612,7 |
11750 |
14580 |
14260 |
2884 |
ЕО |
501,3 |
7155,6 |
11650 |
14960 |
14510 |
2796 |
Қытай |
1340,5 |
5019,4 |
7262 |
7800 |
8789 |
2140 |
Үндістан |
1196,5 |
2965 |
3319 |
3388 |
3560 |
455,2 |
ИКҰ |
1349,9 |
3743,6 |
4640,5 |
7319,3 |
7491,5 |
2302,6 |
Индонезия |
231,4 |
640,3 |
827,4 |
932,1 |
968,5 |
213,4 |
Иран |
74,2 |
374,6 |
516,7 |
859,7 |
876,6 |
120 |
Түркия |
72,6 |
455,3 |
508,7 |
930 |
859,8 |
178,7 |
Сауд Арабиясы |
23,7 |
235,6 |
310,2 |
600,4 |
581,3 |
237,9 |
Египет |
78,9 |
232,5 |
316,3 |
452,5 |
470,4 |
85,2 |
Пәкстан |
170,9 |
266,1 |
347,3 |
454,2 |
448,1 |
59 |
Малайзия |
28,3 |
211 |
229,3 |
397,5 |
378,9 |
291,6 |
Нигерия |
154,7 |
113,7 |
126,7 |
328,1 |
353,2 |
78 |
Алжир |
34,9 |
161,3 |
212,3 |
240,2 |
244,3 |
85,2 |
Бангладеш |
162,2 |
209,9 |
275,7 |
228,4 |
242,2 |
39,5 |
БАӘ |
4,6 |
48,8 |
63,7 |
167,3 |
200,4 |
283,6 |
Қазақстан |
16,2 |
87,3 |
118,4 |
167,6 |
175,1 |
109,1 |
Кувейт |
2,9 |
31,3 |
48 |
130,1 |
148,7 |
80,8 |
Марокко |
31,9 |
101,8 |
134,6 |
125,3 |
146,7 |
47 |
Ирак |
30,7 |
|
54,4 |
102,3 |
112,0 |
62,9 |
Сирия |
21,9 |
57,6 |
60,4 |
87,1 |
102,5 |
23,8 |
Катар |
1,4 |
|
19,5 |
57,2 |
101,2 |
15,5 |
Судан |
39,2 |
55,9 |
76,2 |
80,7 |
92,8 |
16,4 |
Ливия |
6,4 |
|
37,5 |
74,7 |
92,3 |
20,5 |
Тунис |
10,4 |
60,8 |
70,9 |
77,0 |
83,2 |
23,5 |
Әзірбайжан |
9,05 |
23,6 |
30 |
65,4 |
86,0 |
58,6 |
Өзбекстан |
28,1 |
60,4 |
47,6 |
64,1 |
77,6 |
21,2 |
Оман |
2,8 |
|
38,1 |
61,6 |
59,4 |
80,8 |
Йемен |
23,6 |
15,6 |
16,2 |
52 |
58,2 |
5,4 |
Ливан |
6,4 |
18,6 |
18,8 |
42,3 |
47,8 |
21,5 |
Камерун |
19,5 |
25,3 |
30,2 |
39,4 |
42,5 |
3,8 |
Уганда |
32,7 |
26,8 |
39,4 |
29,04 |
42,2 |
2,9 |
Кот-д Ивуар |
21,1 |
26,1 |
24,8 |
32,2 |
35,6 |
16,9 |
Иордания |
6,3 |
19,4 |
25,5 |
27,99 |
33,1 |
17,4 |
Түркіменстан |
5,1 |
20,6 |
27,6 |
26,7 |
26,7 |
18,3 |
Бахрейн |
0,8 |
10 |
13 |
24,5 |
28,0 |
4,8 |
Ауғанстан |
28,5 |
|
21,5 |
35 |
23,3 |
3,8 |
Сенегал |
12,5 |
14,4 |
18,4 |
20,6 |
23,2 |
3,5 |
Албания |
3,2 |
11,9 |
17,5 |
19,9 |
22,6 |
3,6 |
Габон |
1,5 |
7,7 |
7,9 |
20,2 |
20,8 |
9,1 |
Мозамбик |
20,2 |
15,1 |
23,4 |
17 |
20,2 |
6,2 |
Бруней |
0,4 |
5,4 |
6,8 |
19,6 |
19,4 |
13,3 |
Буркина-Фасо |
15,7 |
11 |
15,7 |
17,2 |
19,1 |
0,9 |
Чад |
11,3 |
6,7 |
15,7 |
15,9 |
15,8 |
1,2 |
Мали |
14,5 |
8,6 |
11 |
13,5 |
15,4 |
1,8 |
Тәжікстан |
6,9 |
7,1 |
7,9 |
11,8 |
13,8 |
4,7 |
Бенин |
8,9 |
6,2 |
8,3 |
12,1 |
13,4 |
1,6 |
Палест. аумағы |
3,7 |
|
0,8 |
5,03 |
12,8 |
2,1 |
Қырғызстан |
5,5 |
13,3 |
8,5 |
10,4 |
11,7 |
5,6 |
Гвинея |
10,1 |
14,7 |
19,5 |
10,7 |
10,6 |
1,3 |
Нигер |
15,3 |
8,1 |
9,7 |
8,9 |
10,7 |
0,7 |
Мавритания |
3,3 |
4,5 |
5,5 |
5,9 |
6,5 |
2,0 |
Сомали |
9,1 |
|
4,6 |
5,6 |
5,6 |
0,9 |
Того |
6,6 |
6,5 |
8,7 |
5,2 |
5,3 |
2,1 |
Сьерра-Леоне |
5,7 |
2,5 |
3,3 |
3,9 |
4,5 |
0,7 |
Суринам |
0,5 |
1,6 |
1,9 |
4,1 |
4,2 |
1,6 |
Гайана |
0,7 |
3 |
2,9 |
2,9 |
2,9 |
1,7 |
Гамбия |
1,7 |
2,1 |
2,8 |
2,1 |
2,4 |
0,3 |
Джибути |
0,9 |
|
|
1,7 |
2,0 |
0,8 |
Мальдив |
0,3 |
1,2 |
1,2 |
1,6 |
1,7 |
0,5 |
Гвинея-Бисау |
1,6 |
0,9 |
1 |
0,8 |
0,9 |
0,2 |
Комор |
0,6 |
0,9 |
|
1,3 |
0,8 |
|
*СҚП бойынша ІЖӨ – сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ішкі жалпы өнім номиналдық құн бойынша ІЖӨ есебінен ерекшеленеді. Түрлі валюталар бірдей тауарлар мен қызметтер жиынтығын әрқилы бағалайды.
2000-2008 жылдар кезеңінде ИКҰ елдерінің көпшілігінде экономикалық өсу байқалды. 57 елдің 50-інде ІЖӨ-нің өскені тіркелді. Экономикалық өсудің барынша жоғары қарқыны мұнай-газ өндіретін елдерде орын алды. Елеулі көрсеткіштерге Кувейт (415%), Бруней (362,9%), БАӘ (342,8%), Йемен (333,3%), Нигерия (288,6%), Әзірбайжан (277,1%), Габон (262,3%), Сауд Арабиясы (254,8%), Бахрейн (245%), Чад (237,3%), Иран (229,5%), Ливия (199,2%), Алжир (148,9%), Индонезия (145,6%) қол жеткізді.
Мұнай өндірмейтін елдерден Түркия (204,3%), Египет (194,6%), Малайзия (188,4%), Пәкстан (170,7%) айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Осы кезеңде Ливан экономикасының жедел қарқынмен өсуі (227,4%) көрініс берді, мұның өзі тыныштық пен тұрақтылыққа қол жеткеннен кейінгі қалпына келтірудің әсерімен түсіндіріледі.
Қазақстанда экономика айтылған кезеңде 192 пайызға өсті. Экономикалық көрсеткіштерге айтарлықтай ықпал жасаған әлемдік рынокта шикізат бағасының өсуімен қатар шикізаттық емес салалардың да үлесі ұлғайды.
Ұйымның бірқатар елдерінде жағдай тұрлаусыз болып қалуда. Олардың көрсеткіштері төмендеді, немесе бұрынғы деңгейінде қалды. Бұлар – Гвинея, Қырғызстан, Нигер, Того, Гайана, Гамбия, Гвинея-Бисау.
2007-2009 жылдарғы дағдарыс ұлттық экономикаларының жай-күйіне келеңсіз ықпалын тигізген елдер де баршылық. Мәселен, ұйымның жетекші делінетін 10 мемлекетінің экономикалық көрсеткіштері 2009 жылы біршама төмендеп кетті.
ИКҰ өңірі – бұл қарама-қайшылықтар өңірі. Мұнда ең бай және ең кедей мемлекеттер көршілесіп жатыр. Жан басына шаққанда келетін табыс деңгейі бойынша елдер 2008 жылы былайша жіктелінді: жоғары деңгейдегілер – 11,9 мың доллардан артық; орташадан жоғары – 3,8 мыңнан 11,9 мың долларға дейін; орташадан төменгілер – 975-тен 3,8 мың долларға дейін; төменгілер – 975 долларға дейінгілер. Осы тұрғыдан келгенде 10 ел (Катар, Бруней, Бахрейн, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Малайзия, Габон, Ливия, Иран) БҰҰ мәліметтері бойынша жан басына шаққанда келетін жоғары табыс деңгейі бар 93 елдің тобынан орын алып, жалпы санының 10,7 пайызын құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Катар дүние жүзінде бірінші орында тұр. Қазақстанды қосқанда 16 ел орташадан жоғары табыс деңгейі бар 62 елдің тобына кіреді (25,8%), 21 ел орташадан төмен деңгейдегі 56 елдің қатарында (37,5%), төмен табыс деңгейіндегі 14 елдің тобында ИКҰ-ның 10 мүшесі бар (71,4%). Осы мәліметтерден көрініп тұрғанындай, ИКҰ мемлекеттері көп ретте төмен және орташадан төмен табыс деңгейлі елдер қатарында екен.
ИКҰ мүшелері ОПЕК-тің – мұнай экспорттаушылар ұйымының басым қатарын құрайды. Мәселен, мұндағы мүше 12 елдің 9-ы ИКҰ-ға мүше болып табылады (Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Катар, Ливия, Біріккен Араб Әмірліктері, Алжир, Нигерия). Габон мен Индонезия ОПЕК-тің белсенді мүшелері болса, Қазақстан мен Әзірбайжан бақылаушы мәртебесіне ие. ОПЕК-тің үлесіне әлемдегі мұнай қорының үштен екі бөлігі, әлемде өндірілетін мұнайдың 40 пайызы, әлемдік экспорттың жартысы келеді екен.
Мұнай мен газдың жоғары бағасы, серпінді экономика ИКҰ-ның бірқатар елдерінде алтын-валюта резервінің (АВР) айтарлықтай көлемін қалыптастыруға мүмкіндік берді. 2009 жылғы желтоқсанда ИКҰ-ның 43 елінде жалпы сомасы 979,6 млрд. доллар АВР болған екен. Алтын қоры 2010 жылғы қыркүйекте 1403,9 тоннаны, соның ішінде Қазақстанда 70,4 тоннаны (ИКҰ-да 19-шы орын) құрады. ИКҰ-ның есебіндегі АВР жалпы сомасының 933,9 млрд. доллары немесе 95,3 пайызы 17 елге тиесілі екен. ИКҰ елдеріндегі АВР Қытай АВР-інің (2206 млрд. доллар) 44,4 пайызын құрайды. АВР-і барынша көп елдер қатарында мыналар бар (млрд. доллар): Алжир (149,2), Малайзия (98,02), Ливия (89,7), Иран (81,3), Түркия (75,3), Индонезия (62,6), Ирак (46,8), Нигерия (46,5), Сауд Арабиясы (39,98). Қазақстан 23,2 млрд долларлық АВР көлемімен ИКҰ-да 13-ші орында және әлемде 39-шы орында екен. 2007-2009 жылдарғы қаржы-экономикалық дағдарыс жекелеген елдердің АВР көлеміне айтарлықтай ықпал етіп, бұл көрсеткішті төмендетіп кетті. Энергия тасымалдаушыларға әлемдік бағаның қалпына келуі және оларды өндірудің артуы мұнай өндіруші мемлекеттер АВР-інің қайта ұлғаюына әкелетіні түсінікті.
ИКҰ елдері мұнай және газдың аса мол қорымен қатар айтарлықтай шикізат әлеуетіне ие болып отыр. Ұйымдағы бірқатар елдер көп салалы экономика құра алды. Солардың ішінде жеңіл, тамақ, автомобиль жасау, тау-кен, металлургия, фармацевтика, химия, электроника, электр техникасы, ағаш өңдеу өнеркәсіптері, кеме жасау, мәшине жасау, көлік, құрылыс, атом энергетикасын қоса алғанда жалпы энергетика, ауыл, балық, орман шаруашылықтары, туризм серпінді дамып келеді. Мәселен, 2009 жылы ИКҰ елдерінде 2,5 миллионнан астам автомобиль шығарылды. Ақпараттық, ғарыштық технологиялар, интернет, биотехнология белсенді енгізілуде. Соңғы жылдары ұлттық экономикаларды әртараптандыруға барынша назар аударылуда. Бұл тұрғыда ИКҰ-ның «ұйқыдағы алыбы» Индонезияның ғана емес, көптеген елдерінің даму әлеуеті жоғары саналады.
Ислам Конференциясы Ұйымының әлемдік саудадағы жетістіктері айтарлықтай, оның мұндағы үлесі 2008 жылы 2302,6 млрд. долларға жетіп, 14,3 пайызды құрады. Бұл көрсеткішті ЕО-мен (82,2%), АҚШ-пен (79,8%) салыстырсақ та, Қытайдан 107,6 пайыз артық екенін айтсақ та болады. Сыртқы саудадағы барынша жоғары көрсеткішке Малайзия (291,6 млрд. доллар), БАӘ (283,6), Сауд Арабиясы (237,9), Индонезия (213,4), Түркия (178,7), Иран (120 млрд. доллар) қол жеткізіпті. Қазақстан 2008 жылғы көрсеткіш бойынша 109,1 млрд. долларлық нәтижемен 7-ші орында тұр. Мұндағы сауда-саттық көлемі ұлғаюының басты бір факторы өңірдің негізгі тауары саналатын мұнайға деген әлемдік бағаның өсуі болса керек. Сауда-саттықты әртараптандыруға күш салынуы, шикізаттық емес тауарлар үлесінің ұлғайтылуы ИКҰ елдерінің жаңа сауда саясаты үшін маңызды міндет болып отыр.
Ұйымның 2006-2016 жылдарға арналған Онжылдық іс-қимыл жоспары мұсылман әлемінің «жол картасына» айналып, экономиканы әртараптандыру мен интеграция үдерістерінің белсенді етуге бағытталған. 2011 жылғы 7-9 маусымда Астанада VII Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумын (БИЭФ) өткізу белгіленген, оған бүкіл мұсылман әлемінің іскер топтары қатыспақ. 7-ші форумның тақырыбы – «Жаһандану: мұсылман және мұсылман емес елдерді өзара қарым-қатынастың ашық арналары және сан қырлы стратегиялық ынтымақтастық арқылы көбірек экономикалық тәуелсіздікке жұмылдыру үшін Өзара байланыс, Бәсекелестік, Ынтымақтастық». БИЭФ аясында бірнеше сессия ұйымдастырылып, оларда ислам банкингі, қаржы инфрақұрылымын дамыту, «халал» индустриясы, шағын және орта бизнесті және энергияның балама көздерін дамыту және басқа мәселелерді талқылау жоспарланған. Форум ИКҰ елдерінің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын тереңірек түсінуге және оны дамытудың сындарлы жолдарын әзірлеуге қызмет етеді деп күтілуде.
Ислам экономикасы: дәстүрлі қағидаттардың жаңаша сабақталуы
ИКҰ-ның көптеген елдері өздерінің экономикалық саясатын діни, ислам түсініктерін, Шариғат қағидаттарын ескере отырып құрады. Шаруашылық өмірін исламдандыру Иранның, Пәкстанның, Суданның ресми саясатына айналды. Таяу және Орта Шығыс исламдандырылған экономиканың орталығы саналады. Бұл мемлекеттерде нарық экономикасы жағдайындағы ерекше исламдық даму идеясы іске асырылуда. Бұл жаңа бағыт «ислам экономикасы» деген ат алған. Әлемде, экономистердің атап өтуінше, ерекше христиандық, исламдық, буддийлік, конфуциандық экономика жоқ. Сонымен бірге діни сенім экономикаға, әсіресе ислам діни қағидаттары мен ғұрыптарды сақтауға ғана негізделіп қоймай, өмір салты болып табылатын мұсылман елдерінде, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін діни моральді енгізу жолымен өз ықпалын жүргізеді.
Ислам жедел даму үстіндегі дін болып табылады. Шамамен 1,8 млрд. адам оны ұстанады, оның қағидаларын басшылыққа алады. Шариғат қағидаттары, ережелері киім киюге, тағамға, демалыс және емделу орындарына т.с.с. таралады. Осының бәрі Құран сүрелерінің талаптарын толық мәнінде ескеретін тұтас халал-индустрияның дамуын қажет етті. Көптеген елдерде тағам өнімдерін өндіру, киім тігу, арнаулы сән үлгілерінің қалыптасуы, туризм, демалыс орталықтарын жобалау мен салу және басқалары халал-индустрия талаптарын негізге ала отырып жүзеге асырылады.
Адалдық пен әділдікке негізделген қаржы жүйесін құруға ұмтылған ислам несиенің өсімқорлық пайызына немесе Құран бойынша «рибаға» қарсы. Мұсылмандар мен иудаистердің экономикалық философиясы қарама-қайшы. Ислам құқығы пайыз алуға және төлеуге тыйым салады, бірақ ақша табуға тыйым салмайды.
Бірқатар өзіндік сипаттары бар ислам банктері ислам экономикасының аса маңызды бөлігі болып табылады. Ислам қаржылары Шариғаттың моральдік және этикалық қағидаттарына сай келетін қызмет көрсету ісіне бағытталады. Иранның, Түркияның, араб елдерінің ислам банктері өз қызметін ақша капиталы табыстылығының нарықтық ставкасына емес, инвестициялардың пайдалылық пайызына байланысты құрады. Ислам банк жүйесі өткен ғасырдың 70-ші жылдары, ислам экономикасы идеясы жоғары мұнай табыстарымен нығайтылған кезде құрылды. Ол Таяу және Орта Шығыстан тыс жерлерге де таралған. Ислам экономикасында ислам қорларының қызметіне маңызды рөл беріледі. Бұл қорлардың тиімділігі мәселесі олардың қызметіне діни қауымның ықпалын шектеуді объективті түрде талап етті. Таяу және Орта Шығыс елдерінде экономикалық үдерістердің тиімділігін әлдеқайда төмендететін діни қағидаттардан шеттелу үрдісі байқалады.
Жаңа көзқарастардың пайда болуы мен сәйкес баяндауларды іздестіру салымдарды талап ететін мұнай долларының артуымен де шарттыланған. Ислам активтері 1 трлн. долларға жуықтайды, оның жыл сайынғы өсімі 10-15% шамасында. Deutsche Bank-тің бағалауы бойынша, Парсы шығанағы елдерінің жалпы валюта резерві мен меминвестқорлары 2 трлн. долларға жетеді.
Айтарлықтай ақша арнасы жаңа қаржы құрылымдарының пайда болуына және діни нормалар мен нұсқаулардың бұрынғыдан күрделі түсіндірілуіне жәрдемдесті. Діни нанымдағыларға Құранда айыпталмайтын әлемдік, исламдық қор нарықтарына инвестициялар салуға рұқсат ететін жолдар іздестірілді. Өз мәні жағынан ислам қаржысы тәуекелді басқару туралы шарт негізінде байлықты әлдеқайда әділ бөлуді көздейді. Бірқатар елдерде депозиттерді қамсыздандыру жүйесі жасалып, енгізілген.
2004 жылғы қыркүйекте Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығының құрылғаны туралы жария етілді. 2005 жылы Дубай халықаралық қаржы биржасы құрылды. Сол жылы Катарда Қаржы орталығы құрылып, Қаржы орталығын басқару басталды. Бахрейн Таяу Шығыстың банк орталығына айналды. Онда 400-ге дейін қаржы мекемелері, соның ішінде активтері 1,3 трлн. долларға жуықтайтын 150 банк бар. Шетелдік валютамен күн сайынғы операциялар 4 млрд. долларға жетеғабыл. Бахрейн исламдық несиелеу саласында ерекше рөл атқарады (бұл саладағы активтері – 100 млрд. доллардан астам). Оффшорлық бизнестің ауқымы айтарлықтай (2004 жылы 70 млрд. доллар). Бахрейн қор биржасы – Таяу Шығыстағы аса ірі биржалардың бірі.
Парсы шығанағы елдерінің қор биржалары Шариғатқа сәйкес түрлі қаржылық қызметтер көрсетілетін шетелдік қаржы орталықтарының қызметтерін барған сайын жиі пайдаланатын болып келеді. Мәселен, Ұлыбританияда 2004 жылы Лондонда жұмысын бастаған Британияның Ислам банкін қоса алғанда, 5 Ислам банкі бар. Қазіргі кезде жұмыс істейтін исламдық банктердің саны 500-ден асып жығылады. Жаңа исламдық қаржы өнімдері борыштық міндеттемелер нарығында да пайда болды. Лондон қор биржасында Ислам облигациясы – Сукук тіркелген. Сауд Арабиясының Орталық банкі батыстың бағалы қағаздарын 285 млрд. доллар инвестициялар және 79 млрд. доллар банк депозиттеріне орналастырған.
Ислам капиталын ұлттық экономикасын өркендетуге белсене тарту ниетіндегі Қазақстан осынау қуатты әлеуетті толық мәнінде пайдалану үшін мұндай өзіндік тәртіптерді тереңірек әрі толығырақ меңгеруі тиіс. Қазақстанда халал-индустрияның жедел дамуына байланысты 2009 жылғы қарашада «Халал» техникалық комитеті құрылып, еліміздің 15 кәсіпорнына тиісті өнімдер шығаруға сертификат берілген. Тамақтық халал өнімдер шығаруға маманданған кәсіпорындармен қатар елімізде сондай-ақ халал-косметика, халал-фармацевтика және сол сияқтылар дами бастайтынына сенім мол.
Елімізде үнемі инфляциялық құпия пиғылға арандататын алыпсатарлық капитал күш алып бара жатқанын ескере келгенде, отандық бизнестің этикасына ислам қағидаттарының игі ықпалы болатындығы әбден мүмкін.
ҚР мен ИКҰ экономикалық ынтымақтастығының негізгі арналары
ИКҰ-ға мүше 42 елмен сауда-экономикалық байланыстарды жүзеге асыратын Қазақстанда экономикалық ынтымақтастықтың төрт негізгі бағыты айқындалған: бірінші – сауда, екінші – көлік, үшінші – туристік және төртінші – қаржылық.
Талданып отырған кезеңдегі сауда айналымы 2000 жылғы 1,1 млрд. доллардан 2008 жылы 10,5 млрд. долларға жетіп, 9,5 есе өскен. ЕО-ға қатысты 27 пайызбен, Ресейге қатысты 53 пайызбен салыстырғанда бұл өңірге Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымының 9,6 пайызы келеді. Қазақстанның барынша ірі сауда әріптестері – Түркия (2875,1 млн. доллар), Иран (2098,4 млн. доллар), Өзбекстан (1788,2 млн. доллар).
Қазақстанның тауар айырбасы жақсы жүріп жатқан елдер қатарында Ауғанстан (623,8 млн. доллар), Қырғызстан (608,3), Әзірбайжан (465,6), Түркіменстан (437,9), Тунис (324,6), БАӘ (295,1), Тәжікстан (277,2), Египет (253,9 млн. доллар) бар. Иордания (75 млн. доллар), Малайзия (69,4), Сауд Арабиясы (68,5), Марокко (59,7), Индонезия (52,5), Пәкстан (34,2), Сирия (33,3), Оман (32,5), Ливан (19,9) секілді елдермен де сауда көлемі көзге түсерліктей.
2009 жылы сыртқы сауда көрсеткіштері дағдарыс салдарынан 4,7 млрд. долларға дейін төмендеп кетті. Барынша үлкен көлемдер Түркиямен (1362,7 млн. доллар), Иранмен (1303,1), Өзбекстанмен (1196,2) саудада қалды. Қырғызстанмен (507 млн. доллар), Ауғанстанмен (408,4), Тәжікстанмен (255,1), Әзірбайжанмен (236,9), Түркіменстанмен (170,3), БАӘ-мен (162,3) сауда-саттықта ірі көлемдер сақталды. 2010 жылы дағдарысқа дейінгі деңгейдің қалпына келгені байқалады.
Қазақстаннан ИКҰ елдеріне сан-алуан өнімдер жіберіледі: бидай, ұн, мұнай және мұнай өнімдері, болат прокаты, құбырлар, тыңайтқыштар, арпа, жемдер, металл өнімдері.
Қазақстанның ИКҰ елдерімен сыртқы сауда құрылымы
(мың тонна)
2000 ж. 2003 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж
Экспорт 4232,6 7478,9 13470,3 13659,4 13016,4
Бидай 2243,6 1373 3905,9 4072,2 2721,4
208,9 121,5 153,3 212,9 735,5
102,8 194,4 670,4 605,1 440
346,1 130,7 330,6 202,7 371,8
110,1 92,4 350,2 286,7 323,2
483,4 16,7 34,8 310 316,1
402,1 613,7 894,4 389,3 255,5
587,6 4,9 141,6 182,2 163,6
Иран 208,9 121,5 153,3 212,9 735,5
Түркия 102,8 194,4 670,4 605,1 440
Тәжікстан 346,1 130,7 330,6 202,7 371,8
Қырғызстан 110,1 92,4 350,2 286,7 323,2
Ауғанстан 483,4 16,7 34,8 310 316,1
Әзірбайжан 402,1 613,7 894,4 389,3 255,5
Өзбекстан 587,6 4,9 141,6 182,2 163,6
Түркіменстан 2,6 16,5 132,8 430,9 116,7
Египет 352,4 744,2
Тунис 182,2 754 557,1
Пәкстан 41 74,1
Оман 5,9 35,8
Албания 4,5 29,9
Марокко 40 11,3
Мұнай 2,8 2347,6 4267,1 2639,4 2297,2
561,9 1079,8 580,2
863,5 3165,8 1046,2 962,9
260,5 539,4 476,6 667,4
76,6
1223,6 27,1 10,1
Түркия 561,9 1079,8 580,2
Иран 863,5 3165,8 1046,2 962,9
Өзбекстан 260,5 539,4 476,6 667,4
Индонезия 76,6
БАӘ 1223,6 27,1 10,1
Ұн 126,4 443,7 1408,3 1765,4 2237,5
52,4 185 732,4 696,9 925
12,5 54,1 128,1 512,3 872,1
59,9 192,3 463 460,7 364,3
0,8 4,9 56,5 94,1 55,9
0,8 7,4 28,3 11,4 20,2
Өзбекстан 52,4 185 732,4 696,9 925
Ауғанстан 12,5 54,1 128,1 512,3 872,1
Тәжікстан 59,9 192,3 463 460,7 364,3
Қырғызстан 0,8 4,9 56,5 94,1 55,9
Түркіменстан 0,8 7,4 28,3 11,4 20,2
243,3 874,4 1188,1
Күкірт 243,3 874,4 1188,1
Тунис 517,5 337,2
Марокко 74,8 223,6 329,7
Египет 46,8 59,6 199,5
Иордания 98,6
Ливан 67,8
Сенегал 57
Түркіменстан 62,6 39,9 41,9
Түркия 32,8
Өзбекстан 57,3 17,1 19,9
Қырғызстан 1,9
Әзірбайжан 11,8 16,7 1,8
Мұнай өнімдері 104,4 682,9 896,7 736,6 1107,9
Өзбекстан 5,5 256,6 314,5 459,5
Иран 28,3 31,1 310,1 254,2 281
Қырғызстан 59,2 329,3 178,3 84,9 194,7
Ауғанстан 12,5 176,2 77,3 47,2 86,4
Тәжікстан 4,4 98,2 74,4 34,2 86,3
Түркия 42,6 1,6
Прокат 1092,1 917,2 1201,8 965,4 1090,9
Иран 770,4 751,9 820,3 525,9 828,3
Өзбекстан 16,7 48,8 33,8 56,1 65
Иордания 0,5 25,3 40,8 63,9 47,5
Әзірбайжан 7,5 10,2 45,6 16,6 46,4
Пәкстан 32,4
Сирия 28,4 27,9 62,9 39,5 20,9
Қырғызстан 9,5 15,3
Ауғанстан 28,8 28,1 20,6 15
Египет 21,3 8,8 17,5 63,9 6,6
БАӘ 8,2 4,4
Түркіменстан 3,3
Тәжікстан 2,4
Ливан 12,5 20,5 1
Индонезия 24,9 0,4 30,9 0,1
Түркия 159,8 7,8 50,6 88,1 0,07
Нигерия 11,8 7,7 48,4 14,6
Темірден жар- 21 204,7 590,8 866,9 721,1
тылай өнімдер
Түркия 338,6 644,8
Иран 21,0 204,7 590,8 507,6 76,3
Алжир 20,7
718,5 323,2 326,5 540
Газ 718,5 323,2 326,5 540
252,8 242,3 370,3
46,6 45,9 38,5
16,5 26,4 40,5
11,8 7,6 32,1
28,6
5,5 4,3 18,7
Түркия 252,8 242,3 370,3
Ауғанстан 46,6 45,9 38,5
Иран 16,5 26,4 40,5
Тәжікстан 11,8 7,6 32,1
Тунис 28,6
Қырғызстан 5,5 4,3 18,7
Египет 7,3
Ливан 4
Әзірбайжан 718,5
Арпа 119,8 421,8 524,6 467,1 304,4
Иран 76,2 7,4 106,6 132,4 253,3
Ауғанстан - - 3,8 22,9 21,9
Қырғызстан 5,7 6,6 15,1
Өзбекстан 2,5 6,1 16 26,5 7,1
Тәжікстан 2,2 11,9 7,0
Сауд Арабиясы 41,1 408,3 390,3 266,8
Битум қоспасы 448,2 238,9 216,5
Иран 448,2 238,9 216,5
131 9,5 107
Күнжара 131 9,5 107
Иран 111,4 3,1 95,7
Тәжікстан 1,2 2,7 6,6
Қырғызстан 4,3 2,9
Өзбекстан 14,1 3,7 1,8
47,5 39,7 100,6 68,6 93
Асбест 47,5 39,7 100,6 68,6 93
Өзбекстан 34,8 36,1 73,8 60,3 83,4
Иран 12,7 3,6 9,9 8,3 8,4
Қырғызстан 14 0,1
Тәжікстан 2,7 1,1
Фосфаттар 439,3 213,2 99 191,8 90,1
Түркіменстан 42,2 10 94,6 126,7 90,1
Өзбекстан 397,1 203,2 4,4 65,1
10,3 32,5 50,6