25 Желтоқсан, 2010

Тілегіне білегімен жеткен жігіт

768 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жас кезінен саламатты өмір сал­тына бейімделіп, спорт өне­рі­мен тұрақты шұғылданып келе жат­қан Шухрат Хамитов қазір Ал­матыдағы Қ.Сәтбаев атын­да­ғы Ұлттық техникалық универ­си­­те­ті­нің бірінші курс студенті. Ал­ма­ты облысы Талғар қала­сын­дағы М.Әуезов атындағы №5 орта мек­­теп­ті үздік тәмамдап, атал­мыш жо­ғары оқу орнына грантпен түс­кен Шухрат мектеп қа­быр­ғасында жүргенде-ақ футбол, баскетбол, же­ңіл атлетикамен айналысып, раз­рядты спорт­шы атанды. Бірақ жас талантты спортшыға кейінірек спорттың басқа түрі – армрес­тлинг, яғни білектесу түрі бақ алып келді. Тарамыс денелі, бұл­шық еттері бұлт-бұлт етіп сыр­тына теуіп тұратын он жеті жасар спорт­шы оң қолымен де, сол қо­лы­мен де күресуде алдына жан салмайды. Шухрат бұл бағытта алғаш қа­ла­лық, кейінірек республикалық жа­рыстарға қатысып, үлкен же­тіс­­тіктерге жетті. Биыл тамыз ай­ын­да Үндістанның Гуахати қа­ла­сын­да жастар арасында өткен арм­рестлинг бойынша Азия чем­пио­наты оған жү­рек­жарды жа­ңа­лық алып келді. Яғни, жас қа­зақ­стандық спортшы Шухрат Хамитов онда 34 мемлекеттен жи­нал­ған білекті жігіттер арасында жар­қырап көрініп, Азия чем­пио­на­тының екі алтын медалін жеңіп алды және Қазақстанға үлкен қуа­ныш­пен оралды. Бұл жеңіс оған АҚШ-та өтетін дүниежүзілік жа­рыс­қа жолдама алуға мүмкіндік тудырды. Сөйтіп, жақында, яғни Тәуел­сіз­дік күні қа­р­са­ңын­да мұхиттың арғы жағына ат­танған еді. Шух­рат­тың бұл сапары да сәтті бол­ды. Дарынды спортшы Ш.Хамитов АҚШ-тың Моските қа­ла­­сын­да армрестлинг бойынша жас­тар арасында өткізілген ХХХІІ әлем чемпионатында қарсылас­тары­ның бәрін тізе бүктіріп, әлем чем­пионы атанды. Ең маңыздысы, ол қазақстандық спортшылардың спорт­тың бұл түрі бойынша да әлемге теңдесі жоқ екендігін дә­лел­деумен бірге, тәуелсіз еліміз­дің көк туын дүниежүзілік аренада желбіретті. – Әрине, баламның талантты, та­­лапты спортшы екеніне күмә­нім жоқ, – деді Шухраттың анасы Ме­хир­бан Ахметова. – Бірақ бү­гін­гі күнде тиісті қаржы та­был­ма­са оның осындай үлкен жарысқа қа­тысу мүмкіндігінен айырылуы ық­тимал еді. Сондықтан да мен Шухраттың АҚШ-та өткен әлем чем­пионатына барып келуіне қар­жылай кө­мек­тескен демеушілер – «Бірлік» қоғамдық қо­рының пре­зиденті Адилжан Зайнаудинге, Талғар аудандық ұйғыр мәдениет орталығының төрағасы Розахун Ду­гашевке, кәсіпкер Қурванжан Ғазиевке шексіз ризашылығымды біл­діремін. Біз спортшы Шухрат Хамитовті қос қуа­ны­шымен шын жү­ре­гімізден құттықтаймыз және оның келешекте де үлкен та­быс­тар­ға жетуіне тілектеспіз. Ершат АСМАТОВ, журналист. Алматы облысы.