25 Желтоқсан, 2010

Мәжіліс бюросының отырысы өтті

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­новтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын мәсе­лелер қаралды. Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, бірқатар заң жобалары талқыға шығаруға дайын екені белгілі болды. Атап айтқанда, «Қазақ­стан Республикасы мен Халық­аралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Салықтық әкімші­лен­ді­руді реформалау жөніндегі жоба) ратификациялау туралы», «2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзге­рістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзге­ріс­тер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жоба­лары Мәжілістің жалпы отыры­сының күн тәртібіне енгізіледі. Сондай-ақ «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Фран­цуз Республикасының Үкі­ме­ті арасын­дағы Азаматтық қор­ғаныс, төтен­ше жағдайлардың алдын алу және оларды жою са­ласындағы ынты­мақтастық ту­ра­лы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қо­рытынды әзірлеу мерзімі ай­қындалатын болды. «Егемен-ақпарат».