29 Желтоқсан, 2010

Меркідегі шағын су электр стансасы – облыста қолға алынған жаңа энергетикалық бағдарламаның бастамасы

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Меркі ауданындағы тау шат­қа­лы­нан «Меркі ГЭС-і - 3» деп аталатын жаңа су электр стансасы іске қосылып, аудан тұр­ғын­да­ры мен кәсіпорындарына қосымша электр қуа­тын бере бастады. Бұл облыста қолға алынған  жаңа энерге­ти­калық бағдарлама негізінде іске қосылған ны­сан. Осы бағдарлама негізінде алдағы уақытта облыста 12 шағын су электр стансасы жұмыс істейтін болады. Кейбіреуін атап айтсақ, Шу ау­данындағы Тасөткел су қоймасынан, Тұрар Рыс­құлов атындағы аудандағы Қарақыстақ шатқа­лынан және Жуалы ауданындағы Ақсай шатқалы мен Теріс-Ащыбұлақ су қоймасынан су электр стансалары салынбақшы.  Бұл жаңа жоба толық жүзеге асқан жағдайда  өңірге қажетті электр қуа­тының 25%, яғни 90 мегаватты құрайтын болады. «Меркі ГЭС-і-3» шағын су электр стансасына Қытай елінің «Жюнь Жан» корпорациясының қондырғылары қойылып, іске Қытай мен Ресей­дің білікті мамандары тартылған. Қондырғылар елу жылға дейін үздіксіз жұмыс істейді. Су стан­сасының өндірістік қуаты 1,5 мегаватты құ­рай­ды. Оны жылға көбейтсек, шамамен 6,5 миллион киловатт сағат электр қуаты өндірілмек. Жобаға 1 миллион 800 мың АҚШ доллары қа­ралып, құрылыс жұмысы екі жыл ішінде аяқ­талған. Бүгінде стансада 10 адам жұмыс істейді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы.