31 Желтоқсан, 2010

Жеңіл атлетшіге – жеңіл көлік

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстан облы­сының әкімі Бердібек Са­пар­баев Азия ойындарында елі­міздің Көк байрағын желбіреткен бір топ спорт­шыларға, олар­дың бапкерлеріне құрмет көр­сетті. Дохада өткен әлем чем­пио­натында топ жарған, күні кеше Гуанчжоуда аяқталған Азия ой­ын­дарында бір алтын, бір күміс ие­ленген Ольга Рыпаковаға өңір басшысы сүйріктей сұлу «КIA» автокөлігінің кілтін тап­сырып, енді 1,5 жылдан кейін Лондонда өтетін Жазғы Олимпия ойын­­да­рында чемпион болуына сәттілік тіледі. Азия ойындарында қола медаль иеленген боксшы Данабек Су­жанов пен басқа да жүлде алған саңлақтарға және бір топ бап­керге Бердібек Мәш­бек­ұлы­ның қолы­мен қомақты мөлшерде қаржы берілді. Облыстық спорт және туризм басқармасының бас­тығы, кикбокстан әлемнің бес дүркін чемпионы Асқар Можанов бір айдан кейін Астана мен Ал­матыда өтетін Қысқы Азия ойындарында шығыс­қазақ­стан­дық­тардың кем дегенде 15 медаль үшін күре­сетіндерін хабардар етті. Ондасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.