31 Желтоқсан, 2010

Жаныма жақын желтоқсан

637 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Желтоқсан айы – аязы мен қа­ры қатар келетін, қыстың басы бол­са да мен үшін жүрекке жылу беретін, жаныма жақын, жылдың ең бір қадірлі мезгілдерінің бірі. Бұл сезім желтоқсан айының қа­зақ халқы, оның елдігі мен еге­мен­дігі тарихында алатын орнына байланысты екені анық. Тарих қой­науына тереңдемей, өткен ға­сыр мен екінші мыңжылдықтың бірінші он жылдығына көз жү­гірт­сек, ата-бабаларымыз арман­да­ған тә­уел­сіздіктің жолындағы тар жол, тай­ғақ кешулерді, қайғы-қасіретке толы тағдырларды көре­міз. Со­нымен қатар, тәуелсіздік ту­ын желбіреткен, дүниежүзілік қоғам­дас­тық­тың белді әрі белсенді мүшесі, болашаққа қарыштап қа­дам басқан Қазақ елінің де куәсіміз. Иә, ұлт тарихымен тығыз бай­ла­нысты оқиғалардың дені Жел­тоқ­сан айының еншісінде. Желтоқсан айы алғашқы қазақ үкіметінің куәсі. 1917 жылғы жел­тоқсанның 5-мен 13-і арасын­да Орынбор қаласында өткен екін­ші қазақ-қырғыз құрылтайы өз мемлекеттігін қалыптастыруды мақ­сат еткен қазақтың алғашқы Алаш Орда үкіметін құрды. ХХ ға­сырдың астан-кестеңі шыққан алмағайып кезеңінде қазақ жұрты өзін өзі басқаруға, мемлекет бо­лу­ға ұмтылды. Алаш ұлдары, қа­зақ­тың жоғын жоқтаушы, заман ағы­мын дұрыс болжай білген қазақ зиялылары елдікті ұран етті. Бұл қазақ тарихындағы алғашқы үкі­мет еді. Ғұмыры қысқа болса да ол мыңдаған адамдардың сана­сы­на ой салды, болашақ тәуел­сіз­дік­тің негізін қалады. Большевиктер Алаш үкіметін құлатқанымен, оның халық мүддесіне негізделген ұстанымдарымен келісуге мәж­бүр болды. Нәтижесінде ба­сын­да Қырғыз, кейіннен Қазақ ата­уын алған автономия құрылды. Желтоқсан айының ішінде Қазақ автономиясы Қазақ Кеңе­стік Социалистік Республикасына айналды. Толықтай тәуелсіз болмаса да Қазақ елі көрші түркімен, қырғыз, өзбек және одақ құрамына кірген өзге де республикалармен иық түйістіріп қатар тұрды. Бұл 1936 жылдың бесінші желтоқсаны болатын. Желтоқсанда, Кеңес Одағы­ның шаңырағын шайқалтып, қа­бырғасына сызат салған ең ал­ғаш­қы көтеріліс тарихтан орын алды. 1986 жылдың 17-18 жел­тоқ­санындағы жалындаған жас­тар­дың орта­лық­тың үстемдігіне қар­сылығы қиюы қашқан қи­тұр­қы саясаттың бетін ашып, алып империяның тарих сахнасынан кетуін жеделдетті. Желтоқсан Кеңес Одағының құрылуымен бірге, оның жо­йы­лу­ын да жалпақ жұртқа жария етті. 1922 жылдың 30 желтоқсанында Кеңес Одағын құраушы төрттік­тің қатарында болған үш ел «Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғын құру туралы» келісімді бекітті. Қазір тарихқа айналған 1991 жылғы желтоқсан айының 8-і күнгі Беларусьтің Беловеж ор­манында С.Шушкевич, Б.Ельцин және Л.Крав­чук қолдарын қойған бұл келісім Одақтың жаназасын шығар­ды. Іле-шала бұрынғы Одақ құ­рамына кірген 15 респуб­ли­каның Грузия мен Балтық жа­ғалауы рес­публикалары бас­шы­ла­рынан бас­қасы түгелдей Ал­ма­тыда бас қо­сып, тарихи маңызды құжатты жа­­риялады. 1991 жыл­дың 21 жел­тоқ­саны күні қабыл­дан­ған Алма­ты Декларациясы еге­мен мем­ле­кет­тердің пайда бо­лып, бұрынғы КСРО-ның тара­ға­нын жариялап, бұл мәселеде соң­ғы нүктені қой­ды. Желтоқсанда құрылған ал­ғашқы өкіметін күш­пен құлатып үстемдік алған кеңес жүйесінің жетпіске жетпей құр­дым­ға кеткенін араға алпыс тоғыз жыл салып қазақ жерінде жел­тоқ­сан айында жариялануы кез­дейсоқтық емес. Желтоқсанда етек-жеңін жи­на­­ған Қазақ елі өз тарихында тұң­ғыш рет халық болып Президент сайлауын өткізді. 1991 жылдың 1 желтоқсаны күні Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы Назарбаев Қазақстан Рес­публикасының Президенті бо­лып сайланды. Желтоқсан айы Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде әлемге паш етті. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Қазақстан Республи­ка­сының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тә­уел­сіздігін жариялап, Конститу­ция­лық заң қабылдады. Ата-баба­ларымыз армандаған тәуелсіздік тұғыры қолымызға тиді. Бізді әлем танып, өзгелер мойындады. Желтоқсанда ел атауы өзгерді. Президент Қазақ Советтік Социалистік Республикасының атын Қа­зақстан Республикасына ауыс­тыру туралы заңға 1991 жылы 10 желтоқсанда қол қойды. Желтоқсанда Ақмола қала­сын­да Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет мүшелерінің қа­тысуымен Қазақстан Парламенті палаталарының алғашқы бірлескен отырысы өткізілді. 1997 жылдың 10 желтоқсаны жаңа елордадағы биліктің толыққанды жұмысының бастауы болды. Желтоқсанда Ақмола ресми астанаға айналды. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы № 3700 Жар­лығына сәйкес Ақмола қаласы 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бас­тап Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның астанасы болып жарияланды. Бұл – Ұлы Дала төсіндегі, әсем­дігі әлем аузындағы ару Астана та­рихындағы айтулы күн. Желтоқсан – Еуропа төріндегі Венада елу алты ел мүшесі болып табылатын Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйы­мын бас­қару тізгінін Қазақстан қо­лы­на алған ай. 2009 жылдың жел­тоқ­санында еліміз Орталық Азия ғана емес, бұрын Кеңес Одағына кірген еуропалық және кавказдық республикалар арасы­нан оза шауып, төрағалықты қа­былдады. Желтоқсанда Қазақстан төр­аға­­лығының тынымсыз әрі табыс­ты жұмысының түйіні елімізді төрткүл дүниеге танытқан жаһан­дық жиын өтті. 2010 жылдың 1 желтоқсаны күні Ұлт Көшбас­шы­сы – Президентіміз Нұрсұлтан На­зарбаев әлемдегі алпысқа жу­ық мемлекеттердің мемлекет жә­не үкімет басшыларының, мү­ше­лерінің басын қосып, Сары­ар­қа­ның төрінде беделді ұйымның Сам­митін ашты. Тарихта Астана Саммиті болып қалатын бұл жиын екінші мың жылдықта бірінші рет өткізілді және тәуелсіз Қазақ елінің, оның басшысы Н.Назарбаевтың әлем алдындағы абыройын асқақтатты. Саммит қа­былдаған Астана Деклара­ция­сының тарихтағы орны әлі талай зерттеушілердің тақырыбына айналатыны сөзсіз. Міне, ХХІ ғасырдың бірінші он­жылдығын қорытындылайтын желтоқсан айының соңғы са­ғат­тары да тақап қалды. Жылнамасы желтоқсаннан басталған жас мемлекетіміз жыл өткен сайын жетіліп, ширығып, нығаюда. Халқы­мыз үшін аса маңызды тарихи оқи­ғалар еншісіне тиген, аязды бол­са да жүректерде от лаулатқан Желтоқсанның жаңғырығы бо­ла­ша­­ғымыз үшін баянды болсын. Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, Парламент Сенатының депутаты.