31 Желтоқсан, 2010

Елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи оқиға

815 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

ТӨРАҒАЛЫҚТЫҢ ТАМАША ТАБЫСЫ – ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ Қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығын,  Астана Саммитінің қорытындыларын осылай бағалады ЕҚЫҰ-ға  төрағалық – ол, әсіресе, әлемдегі мейлінше қарапайым емес саяси және экономикалық ахуалдар аясында, мүлде өзгеше деңгейдегі және ауқымды сынақ.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Елімізде  бұрын-соңды  болмаған  тарихи  оқиға

Астана Декларациясы жарияланғанда туған ойлар

«Жер бетіндегі ғұлама даныш­пандар аспандағы жұлдыздарға ұқ­сайды. Жерде де, суда да жұл­дыз­дар­ға қарап жол табуға бола­ды... Жұл­дыздар болмаса, адасуы мүм­кін». 2010 жылғы желтоқсан айының 2-сі күні сағат түнгі он екіде еліміздің бас қаласында Астана Декларациясы  қа­был­данған сәтте менің ойыма Мың хадистегі ғұлама данышпан­дарды жұл­дызға теңеген осы бір ай­тары анық, бояуы қанық бейнелі сөздер оралды. Астана Саммитінде бас қосқан 56 елдің басшылары өңшең ақыл­ман, өңкей «сен тұр, мен айтайын» сынды ығай мен сығайлар ғой. Өз елдерінде мыңдардың ғана емес, мил­лиондаған адамдардың көшін бастап жүрген олар «Мың хадисте» айтылғандай аспандағы  жұлдыздар емес пе? Қараңғы түнде адамдар­дың жұлдыздарға қарап жол таба­тыны рас қой. Ендеше, Астана Саммитінде өз елі, өз халқының мүдде­сін қор­ғап, сөз сайысына, ой жары­сы­на түс­­кен саясат саңлақтарын ас­пан­дағы жұл­дызға теңесек айып па? Жұлдыз болу­ды да Жаратқан ием елдің бәрі­нің маңдайына жаз­баған. Олай болса, жұлдыз болу да бақыт. Ал, жан-жағына сәуле шаш­қан жа­рық жұл­дыз болу – адамды таңдап таба­тын, талғап қонатын аса үлкен бақ, сирек бақыт. Астана Дек­лара­ция­сын қа­был­дау барысында пікір алуанды­ғынан туған қиын сәтте қия­лап жол тапқан Елбасы Нұр­сұл­тан Назар­баев­ты мен жұл­дыз­дардың сұл­таны­на – жарық жұл­дызға теңедім. Асыра сілтеп артық мадақ­та­ды демеңіздер. Нұрекең біздің ма­да­ғымызға зәру де емес. Мақтау, ма­дақ керек болса, 55 елден келген ЕҚЫҰ-ға мүше елдер өкіл­дері­нің бәрі де Нұрекеңе деген құр­метін жа­сырмай, мақтауын асыр­ды. Біз­дің Ел­басымыздың атына айтылған жы­лы лебіз, ма­дақ сөздерін сауыс­қан­нан да сақ, жоғары баға беруге өте сараң шетелдік саясатшы­лар­дың елдің бә­ріне бірдей бұлай ағынан жары­лып, ақ­тарыла бермейтіні тағы та­лас­сыз. «Бәрін айт та бір айт, кол­лек­тивтің жырын айт», деп Бейімбет Майлин айтпақшы, бәрінен бұ­рын Астана Саммитінің ұтымды да ұтқыр, сәтті де шебер ұйым­дас­ты­ры­лып, табысты өткенін айтсаңшы! Елбасым үшін алаңдамас кезім жоқ, Елім мен Елбасы – Ұлт Көш­басшысының тілеуін тілеп жүрген өз басым. Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға төрағалығына байла­ныс­ты соң­ғы жылдары талай тол­қу мен тол­ғанысты бастан кештім. Ең алдымен төраға болып, төр­ге озсақ деп армандадым. Со­сын Мадридтен төрағалыққа сай­ла­нға­ны­мыз жайлы қуанышты хабар кел­генінде, Елбасымыз жыл ба­сын­да төрағалыққа байланысты бей­не­үндеу жариялағанда, Алма­ты м­а­ңындағы Ақбұлақта 56 ел­дің сырт­қы істер министрлері кездескенде, онан кейін Ауғанстанда сан елдің саңлақ саясатшылары бас қосқанда тәуелсіз елімнің ті­лек­шілерінің бір ретінде қуаныш, толқу, толғаныс сезімдерін бастан кештім. Сол ой, сезімдерімнің бә­рін дер кезінде жа­зып, газеттерде жарияладым. Ас­тана Саммиті кезіндегі сезімдердің орны тіптен бө­лек. Саммит бастал­ғанда өрек­пі­ген жүрек орнына тү­сіп, теле­ди­дарға телмірдік. Сәтті басталған Саммит жақсы жүріп жа­тыр деп қуандық. Желтоқсан айы­ның 2-сі күні түс кезінде болатын қоры­тын­ды мәжілісті асыға күттік. Ол қайта-қайта кейін шегерілген са­йын 56 көзқарастағы 56 елдің бір мәмілеге келуі өте қиын болып жатқанын сезіп, «Жаратқан Ием, бір өзің жар бола гөр, Қазақ­стан­ның биікте жанған жұлдызын кө­мес­кілен­дірмей, онан әрі жар­қырата түс!» деп Алла тағаладан тілек тіледік... Ақыры асыға күткен сәт те жет­ті. Түнгі сағат 12-де қо­ры­тын­ды бас­пасөз мәслихаты мәжіліс бас­талды. Оны ашар сәттегі Ел­ба­сы­ның шаршаған жүзіне қан жү­гір­генін көріп, Астана Дек­лара­циясы қабылданған екен деп қуан­дық. Сезім шіркін алда­мап­ты, тілектес жү­рек жаңылмапты. Астана Дек­лара­циясы қабылданыпты. Ура­лап, бөр­кімізді аспанға аттық. Тәуел­сіз Қа­зақстанның жұлдызы тағы да биіктен жанды. Кемел ой­лы кемеңгер ел – Қазақстан тағы бір асқаралы биікке көтерілді. Астана Декларациясының қа­былдануы – Қазақстанның жаһан­дық деңгейдегі, әлемдік биіктегі тарихи ұлы жеңісі! Бұл, ең алды­мен, Н.Ә.Назарбаевтың арқасын­да келген жеңіс. Астана Деклара­ция­сын қабылдау барысындағы қиын­дық­тар­дан қиялап алып шыққан Нұре­кеңнің халықаралық биік беделі ғана емес, жараты­лы­сы­нан даныш­пан болып туған Ұлт Көшбас­шы­сы­ның ұлылығы! Әріптестеріне сөзін өткізе білетін алғырлығы! Жүзінен нұр төгілген Нұрекеңнің сүйкім­ді­лігі мен адам­дармен тіл табыса алатын ақылдылығы. Тұла бойында сан адам санап тауыса алмас талай қасиеттер тоғысқан Нұрекеңдей кө­се­мі бар қазақ халқы бақытты. Шың­ғыс Айтматовтың сөзімен айт­сақ: «Назарбаев  – халықтың бағы». Бағымызды бағалай білейік, ағайын. Басқа қонған бақыт та құс сияқты, бағалап, баптасақ өзіңмен өмір бақи бірге болады, бағасын біліп, қадірі­не жетпесек, үн-түнсіз ұшып кетеді. «... Осынша ел бас­шы­ларының бір мезетте біздің елге қадам ба­суы – тарихымызда бұрын-соң­ды болмаған оқиға! Сондықтан, бұл біз үшін мың­жыл­дықтың алғаш­қы Саммиті ға­на емес, мың жыл­да бір рет бо­латын тарихи жағ­дай! Біз бірін-бірі жылдар бойы көрмей келген ел басшыларының басын қо­сып, мәмілеге келтірдік. Еуропа мен Азия ұғымын біріктіріп, қауіп­сіз­дік­тің кеңістігін кеңейттік. Ұзаққа созылған ортақ келісімнен кейін тарихи құжат – Астана Декларациясын қабылдап, Ұйым­ды жаңа белеске көтердік! Сон­дық­тан еліміздің мәртебесін кө­теріп, мерейін асырған алқалы сам­мит жоғары деңгейде өтті деп есептеймін», – деді  Астана Саммиті жайлы Ел­ба­сы Н.Ә. Назарбаев. Мұншалықты ұлы іс, ұлы күш-жігер, асқан ұйымшылдық пен іскерлік, білім-біліктіліктің арқасын­да жүзеге асты. Елбасы атап айт­қан­дай: «Оған ел болып атсалы­сып, еңселі ел екенімізді көрсет­тік». Аса ауқымды шараның жоға­ры деңгейде өтуіне оған қатысқан­дардың бәрінің де белсене атсалыс­қаны анық. Тікелей араласпаған мың-миллион отандастарымыздың тілекші болғаны тағы талассыз. Осынау жаһандық ауқымдағы тарихи ұлы істегі жүктің ауырын көтерген, Астана Декларациясын қабылдауда шешуші рөл атқарған Н.Ә.Назарбаев екені анық. Ұлт Көшбасшысының халықаралық биік беделі мен даналығының арқа­сында қол жеткен жеңіс бұл. «Біз Италияны құрдық. Кәне, итальяндық болайық», депті Біріккен Италияның тұңғыш премьер-министрі Камило Ковур (1810-1861). Осы ұлағатты сөздің үдесінен шыққан халқымыз тарихи қысқа мерзімде – небәрі он тоғыз жылда Қазақстанды құрып, қазақстандық бола білді. Енді, міне, Еуроатлантика және Еуразия аумағындағы жалпыға ортақ бө­лін­бейтін және ұжымдық қауіп­сіз­­дікке арналған, аса маңызды мәселелерді талқылаған Астана Саммитін өткізіп қана қоймай, Астана декларациясын қабылдап, тағы бір биікке шықты. Бұл – Қазақстанның арғы-бергі тарихында бұрын-соңды болмаған ұлы оқиға! Қуаныш ұзағынан болсын, ұлы Елім! Сәбит ДОСАНОВ, жазушы,  «Парасат» ор­дені­нің иегері. Алматы.