Елдің ұлттық статистикалық басқармасының мәліметінше, қазан-желтоқсан аралығында экономикалық өсім 0,6 пайыз өсті (өсім 0,5 пайыз болады деп болжанған). Оның алдыңғы екі маусымда да көрсеткіш осы деңгейде болған еді.
Бұл өз кезегінде елдің Еуроодақтан шығуымен экономикаға зиян келмейтінін көрсетсе керек.
Жалпы, 2016 жылғы экономикалық өсім 2 пайызды құрады. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 2,2 пайызды құраған.
Экономикалық өсімді қамтамасыз еткен салалар ретінде мамандар алдымен сату, қонақүй қызметтері мен мейрамхана бизнесін атайды.
Сонымен қатар көтерме сауда айналымы мен туристік агенттіктер қызметі де өсім көрсеткен.
Ал құрылыс саласы мен ауыл шаруашылығы секторы тиісінше 0,1 және 0,4 пайыз өскен. Ал өнеркәсіптік өндіріс өзгеріссіз қалды.