Бизнес • 27 Қаңтар, 2017

Қазақстанға сапасыз өнімдердің 52%-ы Ресейден келеді

1490 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сапа стандарттарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 86%-ы импорттық өнімдер, деп хабарлайды Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.

Қазақстанға сапасыз өнімдердің 52%-ы Ресейден келеді

Отандық өндірушілердің өнімдерінің талаптарға сәйкес келмейтіні 14% құрады. Қауіпті және сапасыз азық үлесінің негізгі сегменті импорттық өндірушілерге, соның ішінде Ресей Федерациясы – 52%, бұдан әрі Қазақстан Республикасы - 23%, Қырғызстан - 4%, Беларусь Республикасы – 3%, Украина – 2,5%, Қытай, Түркия, Латвия, АҚШ, Түркия, Молдова, Грузия, Франция, Өзбекстан және және басқа да елдер- 1% - ға дейін тиесілі.

Өндірушілердің таңбалау ережесін бұзу 74%, өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі - 21%, сондай-ақ мәлімделген қасиеттері сәйкес келмеуі (тұтынушыларды алдау) - 14% анықталды.

Сондай-ақ, ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу барысында, сәйкес емес өнімдер тізілімінде бұрын орналастырылған, сүт майын алмастырғыш пайдаланып, бұрмаланған өнім шығарған сүт және май-тоң май саласындағы 38 отандық кәсіпорындар айқындалды.

Зерттелінген 11 мыңнан астам тағамдық емес өнімдер үлгілерінің сәйкес келмейтін өнімнің үлесі: полимерлік және синтетикалық материалдар - 72,1%, аккумуляторлық батареялар - 49%, антигололедтық реагенттер – 47,2%, балаларға арналған ойындар мен ойыншықтар - 40%, жеңіл өнеркәсіп өнімдері - 39,7%, балалар мен жасөспірімдер үшін тауарлар – 31,3%, жиһаз өнімдері – 29,4 %, антифриздер - 29%, тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдар - 26,3%, химиялық және мұнай-химия өнімдері – 19,3%, темекі өнімдері – 15,7%, бензин -25,2%, баспа өнімдері - 8,7%, парфюмерлік-косметикалық өнімдер - 8,1% , тұрмыстық химия тауарлары – 5,5%, құрылыс материалдары – 3,6%, жеке қорғану құралдары – 3,3%  және т.б. болады.

Алматы мен Астана қалалары және облыстарда өнімдерді қабылдау және айналым ережелерін бұзатындардың ішіндегі көшбасшы болып отырған ірі сауда кәсіпорындары мыналар: ЖШС «Рамстор Қазақстан», ЖШС «Анвар», ЖШС«Magnum», ЖШС «Метро кэш энд Керри», ЖШС«Тамаша Маркет» және т. б.

Анықталған фактілер бойынша 1673 жоспардан тыс тексерулер өткізілді, оның ішінде 3-ші тұлғаларға қатысты - 125, бұзушылықтарды жою туралы 1791 ұйғарымдар берілді, 826 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғалды, 415 сот қаулылары шығарылды, жалпы сомасы 78,9 млн. теңге айыппұл салынды.

Сәйкес келмейтін өнімдердің 8,4 млн. теңге сомасындағы 25 тоннадан астамы сатылымнан алынды, оның ішінде 17,5 тонна қауіпті тамақ өнімдері, балалар ойыншықтары – 88,9 кг, оның ішінде балалар өнімдері - 427 кг, синтетикалық жуу құралдары - 2 тонна және т. б.

Камералдық бақылауды өткізу кезінде 32 СЭҚ қатысушысы анықталды, 2016 жылы сәйкестігін растау процедурасынан өтпеген 43 416 партия өнімдері әкелінді. 16 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғалды, 3 762 200 теңге сомасында айыппұл салынды. 17 сот қаулылары шығарылды.

Комитеттің жыл бойы жүргізген жұмыс нәтижесі болып еліміздің тұтыну нарығындағы сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санының 2015 жылғыы 26 % - дан 2016 жылғы 14,4% -ға төмендеуі, тұтынушылық сауаттылық деңгейінің артуы табылады.