АСТАНА. 6 қаңтар. Кәсіпқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген отандасымыз, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін 23 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткізеді. Бұл туралы allboxing.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Боксшының промоутері Том Леффлер дәл сол күнге Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасына тапсырыс беріп қойған. Әзірге отандасымыздың қарсыласы кім болатыны белгісіз. Кейбір деректерде оның IBF титулынан міндетті үміткер, Багам аралдарының өкілі 31 жастағы Туреано Джонсон болуы мүмкін екені айтылған.
Головкиннің менеджерінің сөзіне қарағанда, басқа да нұсқалар қарастырылуда. Мәселен, орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы 26 жастағы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерске ұсыныс жасалған.
Айта кетейік, Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы әлем чемпиондары Сауль Альварес пен Геннадий Головкинге қатысты өз шешімін шығарды. Соған орай қос боксшы өзара кездесу үшін кем дегенде тағы бір жекпе-жектен өткізіп, атақтарын қорғап қалулары тиіс. Қос тарапта 31 мамырға дейін уақыт бар. Егер аталған мерзімге дейін екі жақ нақты келісімге келмесе, промоутерлік сауда ұйымдастырылады.
Өткен жылы қазақстандық саңлақ үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде канадалық Давид Лемьемен болған жекпе-жектің шоқтығы биік. Осы айқастан кейін Головкин жеңіс сериясын 34-ке жеткізіп қана қоймай, қатарынан 21 рет қарсыластарын нокаутқа түсіріп, әлемдік рекордты жаңартты.
Еламан Қоңыр.
Дерек: allboxing.ru.
Сурет: vk.com.
• 06 Қаңтар, 2016
Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Көмір өндіру және энергетика саласының мамандары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 21:42
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04