Бұрнағы күні Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Астананың «Барысы» өз айдынында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдады. Тартысты өткен ойын нәтижесінде біздің жасақ 4:3 есебімен жеңіске жетіп, үш ұпайды қоржынға салды.
Андрей Назаровтың шәкірттері кездесуді өте ширақ бастады. Салған жерден алға ұмтылған айдын иелерін қонақтар ойын ережесін бұзу арқылы ғана тоқтата алды. Нәтижесінде 3 және 4-минуттарда «Автомобилистің» екі бірдей ойыншысы айдыннан қуылды. Алайда, «Барыс» хоккейшілері үш қорғаушымен қалған ресейліктердің осал тұсын таба алмады. Есесіне, 8-минутта қонақтар ойыншы басымдығын жүзеге асырып, Виталий Поповтың көмегімен есеп ашты. Үзіліске 6 минут қалғанда «Автомобилист» сапынан Анатолий Голышев мергендігімен көзге түсіп, есепті еселеді.
Екінші кезең тағы да «Барыстың» басымдығымен басталды. Бұл жолы жүйелі ойын өрнегін көрсеткен астаналықтар бір минуттың ішінде екі шайба соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Атап айтқанда, 22-минутта Кевин Даллмэн нәтижелі соққы жасаса, 23-минутта Роман Старченконың мерейі үстем болды.
Ойынның соңғы кезеңінде, яғни, 42-минутта Петр Коукал біздің қақпадан саңылау тауып, қонақтар тағы да алға шықты. Әйтсе де, сағы сынбаған барыстықтар шабуылдарын тоқтатпады. Бұл тактика өз жемісін беріп, Дастин Бойд 50-минутта есепті 3:3-ке жеткізсе, 54-минутта «Барыстың» капитаны Брэндон Боченски жеңіс шайбасының авторы атанды.
Осылайша, «Барыс» плей-офф жолдамасына таластағы басты қарсыластың бірі «Автомобилистен» үш ұпай олжалады. Бүгінде 48 ойыннан 69 ұпай жиған елордалық ұжым Шығыс конференциясында 7-орында келеді. Ал 64 ұпайы бар Екатеринбургтің командасы – 9-орында. Дегенмен, оның «Барыстан» үш ойын кем өткізгенін атап өткен жөн.
Біздің команда келесі кездесуін 11 қаңтар күні Тольяттиде жергілікті «Ладамен» өткізеді.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Көмір өндіру және энергетика саласының мамандары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 21:42
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04