Австралияда бұдан алты жыл бұрын жоғалып кеткен Шейла деген лақап аты бар қошқардың үстінен қырқылған жүннің салмағы 20 килодан асып түсті. Қаңғыбас қошқар күтпеген жерден Тасмания аралындағы Хобарт қаласы маңындағы орманнан табылған. Оны жергілікті тұрғын Питер Джонс жол жиегінен көрген бойда тоқтап, көлігіне салып алған. Ол жүнінің қалыңдығы мен ауырлығынан орнынан тұра алмай қалған жануарды осылайша аман алып қалыпты. «Ол маған қарап ишара жасады. Мен оның тірі екенін содан білдім. Сосын орнынан өз аяғымен тұрғызуға әрекет жасадым», дейді П.Джонс. Үйге әкеліп қырыққанда, Шейланың үстінен 21 килодан артық жүн алынған. Алайда, мұның өзі Австралияның бұл жөніндегі рекордына өзгеріс енгізе алмапты. Мұнда өткен жылы Крис деген еркек қойдан 40 килодан астам жүн қырқылыпты. Бұдан бөлек, бұл құрлықта тағы бір қойдан 25 кило жүн алынған екен. Мұрат АЙТҚОЖА.
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше