Ақтөбе өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Үлкен ел –
үлкен отбасы» республикалық жалпыұлттық акциясы бастау алды.
Облыс орталығындағы «Қоныс» спорт сарайында өткен кең ауқымды мерекелік шараға 4 мыңнан астам адам қатысты. Шараға қатысушылар қатарында еңбек ардагерлері, жастар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды.
1000 адам қатысқан театрландырылған қойылымда еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы айшықты ажарландырылды. Алдымен сахналанған қойылым қазағымның алтын бесігі – ауыл көшіп келгендей әсерге бөледі. «Мәңгілік Ел» идеясын бейнелеген көріністер де көңілді толқытарлық болды. Содан кейін сахна төріне еліміздің мемлекеттік рәміздері келтірілді. Көк байрағымызды желбіреткен спортшы жастар ортаға шықты, Елтаңбамыз келтірілді. Хор ұжымдарының қосылып орындауында Әнұранымыз асқақтады. Шара барысында патриоттық әндер шырқалды, үлкен экраннан Желтоқсан оқиғасын бейнелеген көріністер көрсетілді.
Акцияға ақ жол тілеп, жиналғандарға салиқалы сөз арнаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев еліміздің егемендік алған жылдардағы жасампаз істерге толы жолына тоқталып, барлық жеңістеріміз бен жетістіктерімізді Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаткерлігімен сабақтастырды. Одан әрі өңір басшысы үстіміздегі жылғы қаңтар айында облыстың барлық аудандарын аралап шығатын үгіт пойызының сапарына сәттілік тіледі. Пойыз құрамында медицина қызметкерлері, заңгерлер, «Нұр Отан» партиясының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері бар.
Символикалық «Достық шаңырағы» астына этномәдени бірлестіктер өкілдері жиналып, ұлттық киімдер киінген ұлттар өкілдері әп-сәтте «Достықтың гүлдестесіне» айналып жүре берді. Үстіміздегі жылы өңірде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 5 мыңнан астам әртүрлі шара өткізу көзделуде. Осы кезеңде кемінде 25 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Ақтөбеден бастау алған бұл шара еліміздің барлық облыстарында жарасты жалғасады. Сәт сапар, саған, азаттық пен азаматтықтың акциясы.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Әуе отынының импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Саясат • Бүгін, 08:43
Ұлттық қордың балаларға шарапаты
Қоғам • Бүгін, 08:40
Саясат • Бүгін, 08:38
Еңбек • Бүгін, 08:35
Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады
Саясат • Бүгін, 08:33
Құқық • Бүгін, 08:30
Пікір • Бүгін, 08:28