11 Қаңтар, 2016

Павлодарда «Жас Отан» жастар қанатының кеңесі өтті

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-Jas otan 2ПАВЛОДАР. 11 қаңтар. «Жас Отан» жастар қанаты облыстық кеңесінің отырысына өңірдің жастар және студенттік ұйымдарының көшбасшылары, «Жас Отанның» қалалық, аудандық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Отырыс барысында 2015 жылдың қорытындылары тыңдалып, Елбасы Жолдауы талқыланды. Биылғы жылдың жоспары жасалып, жастар ортасындағы қоғамдық мониторинг ережелері талқыға түсті. Өткен жылы «Жас Отанға» мыңнан астам мүше қабылданды. Жастар 300 астам зейнеткерлерге көмек көрсетті. Сондай-ақ, өңір өрендері өткен жылдың қараша айында «Блоггер-әже» жобасын ұйымдастырды. Қарттар үйінде «Күзгі бал» өткізді. Тағы бір айта кетерлігі, облыстық филиал жанынан 2017 жылғы Қысқы Универсиада еріктілерін даярлаудың аймақтық Штабы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда Штаб волонтерлерінің саны 163 адамға жетті. «Жас Отан» еріктілері өңірдің қоғамдық маңызы бар шараларына белсенді қатысады. Биыл 78 волонтер Баянауылдың Сәтбаев, Қараша және Теңдік ауылдарында тасқын судың зардаптарын жоюға көмектесті. Облыс жастар көшбасшыларына арналған «Жастар – Отанға!» этносаяси лагері өткізілді. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz. 11-01-2016-Jas otan