11 Қаңтар, 2016

Павлодарда «Музей түні» шарасы өтті (фото)

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-Muzei 1ПАВЛОДАР. 11 қаңтар. Павлодардағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте «Музей түні» ісшарасы өтті. Ондағы рухани шара Қорқыт ата ғұмырнамасы мен күйлерінен бастау алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады Музейлер кешені ішіне жиналған жоғары сынып оқушылары, студенттер домбыраның шығу тарихы, аңыздар тыңдады. Киіз үйдің құрылымы мен жабдықтары туралы ақпараттар білді. Батырлардың бес қаруымен танысты. Ата-бабаларының шайқаста қолданған оқ, семсер, қылыш, найза, айбалта және шоқпар сынды қару түрлерімен танысты. Қолөнер шеберлерлерінің әшекей бұйымдарына қызығушылқтарын білдірді. Оқу орнының сәулет және құрылыс факультетінің студенттері өз қолдарымен жасаған әшкей бұйымдарын көрсетіп, олардың жасалу жолдарымен таныстырды. Музей кешені облыстағы мәдени мұраны сақтаушы ретінде студенттерге рухани-мәдени қызмет жасап келеді. Университеттің ғылыми-танымдық, мәдени-ағартушылық, қоғамдық белсенділігін көрсетуде. Кешен құрамында облыс ғылымының тарихы, қазақ этнографиясы, техника тарихы, геологиялық, Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық, тарихи, «Дос-мұқасан» ансамблінің шығармашылығына арналған, еліміздің минералды-шикізат базасы, жәндіктер музейлері бар. Университетте өткен «Музейлер түні» шарасының мақсаты –кеншенде сақталып тұрған мағыналы экспонаттарымен жоғары сынып оқушыларын, студенттерді таныстыру. Университет музейлер кешенінің директоры Гүлнәр Рахымжанова қызымет жасап келеді. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: Руфина Торпищева. 11-01-2016-Muzei 2 11-01-2016-Muzei 3