11 Қаңтар, 2016

Павлодарда географиялық фильмдер апталығы өтуде

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-Geografia 1ПАВЛОДАР. 11 қаңтар. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте қысқы демалыс кезінде мектеп оқушыларына арналған апталық облыс орталығындағы «География үйінің» бастамасымен өтуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Географиялық апталықта норвергиялық ғалым және саяхатшы Тур Хейердалдың 1947 жылғы экспедициясы жайындағы «Кон-Тики» (Норвегия) көркем фильмі көрсетілді. География үйінің директоры А. Вервекин фильм туралы қызықты деректер және саяхатшы Тур Хейердалдың өмірі мен саяхаттары жайында әңгімелеп берді. Оқушылар Осло – Бюгдей түбегіндегі «Кон-Тики» музейінен әкелінген заттар көрменсін тамашалады. Апталық соңына қарай оқушылар «Эверест» (АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия) көркем фильмі, Шоқан Уалиханов» (Қазақстан) деректі фильмі, Би-Би-Си ұсынған «Жер планетасы» (Ұлыбритания) деректі фильмі және «Ертіс күніне арнау – ұлы өзен туралы» және «Қаз қонақ: кеше, бүгін, ертең» (Қазақстан) атты деректі фильмдер көре алады. «Бұл жобаның балалар үшін маңызы зор. Географиялық фильмдер көрсетілімі арқылы оқушылар  туған жерден бастап-бүкіл планетаны танып-білуге бағытталып отыр. Таным арқылы олардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі артады», – дейді Александр Вервекин. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: Руфина Торпищева. 11-01-2016-Geografia 2