11 Қаңтар, 2016

Қазақстанның төл әскері кәсіби мамандармен толығуда

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 11 қаңтар. 2015 жылы 3 000-нан аса қазақстандық келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына кірді.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәліметтерге сәйкес өткен 12 ай ішінде жергілікті әскери басқару органдарына қазақстандық армияға келісімшарт негізінде қызметке орналасуға барлығы 6 000-ға жуық адам ниет білдірген. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ҚР ҚК сержанттар мен сарбаздар лауазымдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталуы қазіргі кезде штаттық саннан 71% деңгейінде тұрақталды. ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің хабарлауынша, 2015 жылы жүргізілген талдау мәліметтері бойынша келісімшарт негізінде әскери қызметке қабылданған әскери қызметшілердің саны да арта түсті. Іріктеу жүйесін жетілдірудің арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл ретте наркологиялық тестілеуді қоса есептегенде моральдық-психологиялық, кәсіби қасиеттері мен денсаулық жағдайына ерекше мән беріледі. В, С санатындағы жүргізушілер, байланыс, медицина, бағдарламалық қамтамасыз ету мамандары үлкен сұранысқа ие. Келісімшарт бойынша қызмет – саналы және кәсіби тұрғыда еркін түрде өз Отанының қорғаушысы атанудың мүмкіндігі.  Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған.  Әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері баспанамен қамтамасыз етіледі немесе тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай үстемеақы алады. Сондай-ақ, тегін медициналық ем-дом қабылдау қарастырылған. Қызметтен босатылу кезінде жиырма жылдан астам еңбек өтілі бар әскери қызметшілер әскери-медициналық мекемелерде медициналық қызметтерді алуды жалғастырады, ал жиырма бес жылдан аса еңбек өтілі барлары санаторлық-шипажайда ем қабылдайды. Баспана алу және медициналық қызмет көрсетілуден басқа, келісімшарт негізіндегі әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері қоныс аудару кезінде әуе, теміржол, су және автокөлік қызметтерін тегін алады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ????????????????????????????????????