АСТАНА. 11 қаңтар. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқу дабылының белгісі бойынша Қарулы Күштердің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылық әскерлерінің барлық түрлері көтерілді. Өткізілетін сабақтардың басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған тапсырмаларды орындауда басқару органдары мен жеке құрамның іс-қимыл үйлесімін арттыру. Бас штабтың пәрмені бойынша Құрлық әскерлерінің топтамасы оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті. Әуе қорғанысы күштерінің құрамынан әуеге жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдар көтерілді, әртүрлі типтегі авиациялық техника қозғалтқыштарының іске қосылуы жүзеге асырылды, қосалқы әуеайлақтар пайдалануға дайындалды. Корабльге қарсы, әуеге қарсы және суастыға қарсы диверсиялық қорғаныс бойынша оқу тапсырмаларын пысықтау үшін теңізге Әскери-теңіз күштерінің корабльдері шығарылды. Қарулы Күштердің топтамасын жалпы басшылыққа алу Стратегиялық басқару орталығынан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен жүзеге асырылады. Өткен жылғы желтоқсанның соңында Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесуде еліміз Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметшілерге қарулы шиеленістердің жаңа үрдістері мен ерекшеліктерін ескеру, осы жылы іске асырылатын кәсіби, жауынгерлік және моральдық-психологиялық дайындықты арттыру жөнінде ұдайы жұмыс жүргізу тапсырмасын жүктегенін естеріңізге сала кетейік. Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығының деңгейін сапалы арттыру үшін 2015 жылы 170-тен аса жоспарлы тексеріс өткізілді. Оның ішінде, 71-і – Құрлық әскерлерінде, 17-сі Әуе қорғанысы күштерінде, біреуіне – Әскери-теңіз күштерінде, 85-і басқаларда. Биылғы жылы жауынгерлік сайыстың «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» атты жалынды ұранымен кенеттен және жоспарлы тексеріс іс жүзінде жалғасын тауып, оның қарқындылығы күшейтіледі. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.

Қазақстан • 11 Қаңтар, 2016
Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлікке келтірілді (фото)
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03