АСТАНА. 11 қаңтар. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде 160 мыңнан аса артиллериялық оқ-дәрілер, 260 мыңға жуық қол гранаталары және 10 мыңнан аса инженерлік оқ-дәрілер кәдеге жаратылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқ-дәрілерді пайдаға асыру үдерісі кәдеге жаратудың екі учаскесінде Арыс қаласы мен Отар станциясында жүргізіледі. Ол жерде арнайы жабдық, оның ішінде модульдер бар.
«Жабдықтың осы түрлерінде оқ-дәрілерді бөлшектеу, порохтарды ажырату, тротилды қорыту, яки, оқ-дәрілерді алудан бастап толық бөлшектегенге дейін және әрі қарай іске асырылатын кәдеге жаратылатын өнімдер алуға дейін жүргізіледі және қаржы мемлекет бюджетінің кірісіне түседі. Сақталуы бойынша мерзімі өтіп кеткен оқ-дәрілер тиісті санатқа ауыстырылады және пункттерімізде кәдеге жаратылады. Олардың арасында 40-шы жылдардың соңындағы,
50 – 60-шы жылдардағы оқ-дәрілер де бар», деді «Қазтехнология» АҚ кәдеге жарату департаментінің директоры Ербол Әлібеков.
Кәдеге жарату әрі қарай қара және түрлі-түсті сүймен ретінде іске асырылуы мүмкін материалдарды бөлшектеу және алу әдісімен жүргізіледі. Порох пен тротил – жарылғыш заттар бөлек іске асырылады.
Мамандардың айтуынша, статистика бойынша кәдеге жаратылатын оқ-дәрілердің саны жыл сайын арта түсуде. Техника қауіпсіздігін сақтау мен жетілдіруге де аса мән берілуде.
«Біз технологияны өзгертіп, оны жақсарттық. Порохтарды ажырату әдісін біз әбден өзгерттік, жазатайым оқиғалардың орын алу ықтималдылығы барынша азайтылды. Әртүрлі оқытуды жүргіземіз, қосымша жабдық, қорғаныс құралдары сатып алынуда, еңбекті күзету мен өндірістегі қауіпсіздік жөнінде мамандардың қосымша лауазымдары енгізілді. Кәдеге жарату бойынша операциялардың барлық түрлері бейнебақыланып отырады», деді Ербол Әлібеков.
Кәдеге жарату өнімдерін іске асыру нәтижесінде 2015 жылы республикалық бюджетке 322 млн. теңге аударылғанын айта кеткен жөн.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
• 11 Қаңтар, 2016
Қарулы Күштерде кәдеге жаратылатын оқ-дәрілердің саны артуда

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03