11 Қаңтар, 2016

Қазақстандағы әскери білімнің ең танымал мамандықтары аталды

503 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
11.01.2016 AST-20 АСТАНА. 11 қаңтар. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде Әскери білім беру жүйесін жетілдіру осы күндері әскерді нығайту мақсатында жасалып жатқан жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болды.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әскери білім беру саласында елеулі өзгерістер пайда болды. Әскери кафедраларда жаңа ережелер енгізілді және 26 мамандық бойынша қыз балаларды іріктеу басталды, барлық оқу орындарында қабылдау жөнінде жаңа қағидалар бекітілді, жаңа психологиялық тестілер енгізілді. Сонымен қатар әскери білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып, кредиттік технология бойынша оқытуға көшу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша әскери мамандарды даярлауды жүзеге асыратын үш әскери жоғары оқу орны бар. Олар – Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты. 2015 жылы осы үш әскери оқу орнын 700-ге тарта түлек бітіріп шықты. Ең танымал және сұранысқа ие мамандықтар «командалық тактикалық мотоатқыш әскерлері» (ҚӘ ӘИ), «әуе кемелерін пайдалану» (командалық тактикалық армиялық авиация) (ӘҚК ӘИ), «байланыс желілері және коммутация жүйелері» (РЭжБӘИИ) болды. Оқуды тәмамдағаннан кейін қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының түлектері әскерлерге жіберілді. 350-ге тарта жас лейтенант Құрлық әскерлері, 250-ге жуығы Әуе қорғанысы күштері және 20 шақтысы Әскери-теңіз күштерінің қатарын толықтырды. Қалғандары ҚР Қарулы Күштерінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелеріне қызмет етуге аттанды. Одан басқа, 2015 жылы Ресей, Беларусь, Украина, Үндістан, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания шетел әскери жоғары оқу орындарының 90-ға жуық түлегі де қазақстандық армияда қызмет етуге орналасты. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ????????????????????????????????????