Тунистің Кәсіби саяхатшылар қауымдастығының жетекшісі Хусема Бен Азуза жыл басында жабылған қонақ үйлер қатары күрт көбейетінін айтты. Бұл іс дәстүр бойынша, жылдың алғашқы тоқсаны туриндустрия үшін қолайсыз болуымен байланысты.
Сондай-ақ, бірнеше мәрте жасалған террорлық шабуылдан кейін бұл елге келушілер саны да құлдырады, шетелдік мейманханалар желісі де азайды. Әсіресе Imperial Marhaba қонақ үйіне тиесілі RIU Hotels & Resorts атты испаниялық қонақ үйлер желісі шығынға батты. Өткен жылдың 26 маусымында жағалауда болған содырлар шабуылынан әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 38 саяхатшы қаза тапты.
Жербадағы Францияның Djerba la Douce шипажайы да өз жұмысын тоқтатты. Marmara француз желісі Dar Djerba және Palm Beach Djerba қонақ үйлерін жапты.
Осыған байланысты, Туниске еуропалық туристердің қызығушылығы азайды. Демалыс аймағынан Германия, Франция, Италия, Испания елдері бас тартты. Елдің туризм министрлігінің басшысы Сельм Эллуми Рекиктің айтуынша, 2015 жылы жоспарланған саяхатшылардың миллионға жуығы келген жоқ. «Бірнеше рет болған террорлық шабуылдан соң, Батыстан келушілер саны 50% пайызға кеміді», дейді ол.
Әсіресе, елдің солтүстік-шығысында орналасқан «Кап Бон» түбегі үлкен шығынға ұшырады. Бұл маңайда 75 қонақ үй жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Одан кейінгі шетелдіктер арасында жоғары сұранысқа ие болған «Жерба-Зарзис» аймағында 64 мейманхана қызметін тоқтатты. Мұндай жағдай елдің барлық өңірінде байқалады.
Айта кетейік, 2015 жылдың 18 наурыз күні содырлар ел астанасындағы Ұлттық мұражайға баса-көктеп кіріп, туристерге оқ жаудырған. Салдарынан 20 адам қаза тапты. Араға үш ай салып, маусымның 26-сы күні Сус шипажай қаласында ел тарихында болмаған ең ірі шабуыл жасалды. Тәртіп сақшылары Riu Imperial Marhaba қонақ үйінің 38 адамы мерт болғанын және де 40 саяхатшының түрлі жарақат алғанын анықтады. Ал 24 қараша күні Ішкі істер министрлігі және туризм ғимаратының маңайында президент күзетшілері мінген автобус жарылды. Салдарынан оқиға орнында 13 адам қаза тауып, 20-сы жарақат алды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: reactor.inform.kz.
• 11 Қаңтар, 2016
Тунистегі қонақ үйлердің 50 пайызы қызметін тоқтатты

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47