11 Қаңтар, 2016

200-ге жуық кадет әскерде тағылымдамадан өтуде (фото)

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11.01.2016 AST-31 АСТАНА. 11 қаңтар. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімдері мен құрамаларында 2016 жылы оқу бітіретін кадеттердің әскери тағылымдамасы басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тағылымдама Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының үйренушілері үшін  жаңа тәжірибе мен Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз қызметті танып-білудің алғашқы мүмкіндігі. Барлығы практикалық сабақтарға екінші курстың 185 кадеті тартылады. Олардың 53-і «Батыс» өңірлік қолбасшылығында, 45 кадет Аэроұтқыр әскерлерінде, 35-і «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында, тағы 52 кадет «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында тағылымдамадан өтеді. Әскери тағылымдаманың мерзімі екі ай. Осы уақыт ішінде болашақ сержанттар Кадет корпусының қабырғасында алған теориялық, практикалық дағдылары мен шеберліктерін пысықтауы, Қарулы Күштердегі шынайы қызметке дайындалуы, кәсіпқой көшбасшының машығын жетілдіруі тиіс. Еліміздегі бірден-бір Ш.Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы осы жылы өзінің 20 жылдығын атап өтеді. 20 жылда Кадет корпусының қабырғасынан 2 400-ден аса кіші командалық құрам мамандары түлеп шықты. Бүгінде «Әскери басқарудың кіші маманы» дипломы және біліктілігімен, ЖӘЖМ-нің механик-жүргізушісі және «В», «С» санатындағы жүргізуші куәлігімен олардың барлығы қазақстандық армияда қызмет етуде.  ҚМ Кадет корпусының түлектері қатарында бөлімше командирінен бастап Қарулы Күштерінің бас сержантына дейінгі лауазымдарда өздерінің әскери борышын жоғары әрі лайықты деңгейде атқарып жүрген көптеген дарынды әскери қызметшілер бар. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz 11.01.2016 AST-32 11.01.2016 AST-33 11.01.2016 AST-34 11.01.2016 AST-35