11 Қаңтар, 2016

Мордовияда соғыс ардагеріне медальдар тапсырылды

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
11-01-2016-AjeiАСТАНА. 11 қаңтар. Мордовияның 91 жастағы тұрғыны Елена Вязоваға 1941-1945 жылдар аралағында болған Екінші Дүниежүзілік соғыс пен совет-жапон арасында болған ұрысқа қатысқаны үшін 70 жылдан соң барып, әскери медальдар тапсырылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Салтанатты рәсім Елена Вязова тұратын Мордовия Республикасының Ельник елді-мекенінде өтті. Оған «1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы жеңісі» мен «Жапониямен арада кикілжіңдегі жеңісі» үшін екі медаль тапсырылды», – дейді баспасөз қызметі. Мордовияның әскери комиссары Игорь Тихомировтың айтуынша, 70 жыл бұрын берілуі тиіс награданың әлі күнге дейін тапсырылмағанын өткен жылы Елена Вязованы жеңістің 70 жылдығымен құттықтап келген кезде ғана білген. Осыған дейін уәделі сыйлығының орнына медальдың уақытша куәлігін алған. Соғыс жаңадан аяқталған кездері ардагерлерге жағдайдың қысыл-таяңына байланысты уақытша қағаздар таратылған. Кейіннен тиесілі мыдальдары да тапсырылды. Комиссариат қызметкерлері мұрағаттардан іздеу жұмыстарын бастады. Осыған байланысты Ресей Федерациясының кадр басшылығына сұраныс жіберді. Аймақтың әскери комиссариат қызметкерлері Елена Вязованың осыған дейін «Сталинград қорғанысы» медалімен марапатталғанын айтты. Соғыс жылдары небәрі 15 жасында әскери қатарға өз еркімен қосылып, жасаққа алынған. Сталинград шайқасынан кейін Ржевтегі Үшінші Белорустық фронтына көмектескен. Бұл жерден ол фронттық жолын Шығыс Пруссияға дейін жалғастырды. Артынша, Манчжурияға да қосылды. Жапонияны жеңгеннен соң, жарының туған ауылы орналасқан Мордовияға қоныс аударған. Онда ол ұзақ жылдар бойы сауыншы болған. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: ria.ru.