12 Қаңтар, 2016

ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-knb 01АСТАНА. 12 қаңтар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып Марат Өсіпов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада: «Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Сапарұлы Өсіпов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды», – делінген. Бұған дейін Марат Сапарұлы Алматы қалалық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болды. Сондай-ақ, ол ҰҚК орталық аппараты конституциялық құрылымды қорғау жөніндегі департаменттің жетекшісі болып қызмет атқарды. Еламан Қоңыр. Дерек: Ақорданың баспасөз қызметі Сурет: knb.kz.