13 Қаңтар, 2016

Мәжіліс Елбасына өзін-өзі тарату туралы үндеу жолдады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-01-2016-parlament 01АСТАНА. 13 қаңтар. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Қазақстан халқына, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзін-өзі тарату туралы үндеу жолдады. Мәжілісі депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеу мәтінін төменгі палата депутаты Нұрлан Әбдіров жария етті. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Үндеуді оқыған Нұрлан Әбдіров: «Біз – Мәжілістегі «Нұр Отан», «Ақ жол», Қазақстанның халықтық коммунистік партиясының парламенттік фракцияларының өкілдері, еліміз үшін ең тағдырлы кезеңде тарихи мәні бар үндеу жариялау үшін жиналып отырмыз. Қазақстан халқына және Елбасына жолдайтын үндеуіміз Ұлт жоспары мен дағдарысқа қарсы шараларды қай партияның жүзеге асыруын айқындайтын халықтың сенім мандатын анықтап алуды көздейді», – деді. Еламан Қоңыр. Дерек: inform.kz. Сурет: egemen.kz.