АСТАНА. 15 қаңтар. Әлемнің ең үздік футболшысы, бес дүркін «Алтын доптың» иегері Лионель Месси 2020 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесінің ресми түрде ерікті елшісі атанды. Бұл туралы thenational.ae сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
ЭКСПО-2020 көрмесінің бас директоры, мемлекеттік министр Рим аль-Хашемидің айтуынша, Мессидің қатысуымен шараның беделі артып, оған қызығушылар қатары көбеймек.
«Лионель Мессидің ойынын көзбен көру, ол өнер көрсететін «Барселона» клубының матчтарын стадионнан тамашалау кез келген футбол жанкүйерінің арманы десек, артық емес. Осындай даңқты тұлғаның Дубайда өтетін ЭКСПО-ның серіктесі болуы біз үшін үлкен мақтаныш. Енді бұл көрмеге қызығушылар сапына тек белгілі бір саланың мамандары емес, жастар да қосылады деп сенемін», – деді бас директор.
Сонымен қатар, Рим ал-Хашеми көрменің шеңберін кеңейту мақсатында алдағы уақытта Месси сынды спортпен қатар, өнерде, мәдениетте және басқа да салада аты шыққан адамдар елшілікке тартылатынын айтты.
Еламан Қоңыр.
Дерек: thenational.ae.
Сурет: facebook.com.
• 15 Қаңтар, 2016
Лионель Месси ЭКСПО көрмесінің ерікті елшісі атанды

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Оқиға • Бүгін, 11:01
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:36
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Медицина • Бүгін, 10:33
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Тұлға • Бүгін, 10:30
Әлем • Бүгін, 10:25
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 10:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 10:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді
Елорда • Бүгін, 09:51
Астаналық оқушы әр адамның күніне қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі
Зерде • Бүгін, 09:43
Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:05
Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше