Экспорт • Бүгін, 10:20

Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі Германияға экспортталатын 260 мың тонна мұнайды тасымалдау бағыттарын жоспарлы түрде қайта бөлетінін мәлімдеді. Бұл шешім «Дружба» мұнай құбыры арқылы транзиттің уақытша тоқтауына байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті

Ведомство мәліметінше, бұл жағдай жылдық мұнай өндіру жоспарының орындалуына әсер етпейді. Барлық көлемдер балама бағыттарға қайта бағытталады:

  • 100 мың тонна мұнай Усть-Луга порты арқылы экспортталады;
  • 160 мың тоннасы Каспий құбыр консорциумы жүйесіне жіберіледі.

Әлемдік нарықта мұнай 5 пайызға қымбаттады

Министрлік өкілі Асель Серікпаева бұл өзгерістер жүк жөнелтушілермен келісілгенін және тек операциялық сипатта екенін атап өтті. 

«Ағындарды қайта бағыттау жүк жөнелтушілермен келісілген және операциялық сипатқа ие. Тасымалдау бағыттарының өзгеруі мұнай өндірудің жылдық жоспарының орындалуына әсер етпейді. Қолданыстағы көлік инфрақұрылымы Қазақстанға экспорттың тұрақтылығын толық көлемде қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға шикізаттың үздіксіз жеткізілуін сақтауға мүмкіндік береді», деді министрліктің ресми өкілі Асель Серікпаева.

Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті

Бұған дейін ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов Ресей тарапынан транзиттің тоқтауы мүмкін екенін, бұл жағдай сыртқы инфрақұрылымдағы оқиғалармен байланысты болуы ықтимал екенін айтқан еді. Кейін бұл ақпарат ресми түрде расталған.

Жалпы экспорт көлемінде «Дружба» мұнай құбыры бағыты арқылы жылына шамамен 3 миллион тонна мұнай жеткізіледі, оның негізгі бөлігі Германияға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар