АСТАНА. 15 қаңтар. Германияның белгілі Audi автомобиль шығарушы компаниясы Айға өз аппаратын ұшырмақ. Жоспар бойынша Audi Lunar Quattro деп аталатын құрылғы Айдың бетімен кем дегенде 500 метр жүріп, Жерге жоғары сапалы суреттер мен видеолар жіберіп тұрады. Бұл туралы vesti.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алайда, бұл жобаны жүзеге асыру үшін Берлиннің Part-Time Scientists техникалық тобы жүлде қоры 30 млн. АҚШ долларын құрайтын Google Lunar XPRIZE байқауында жеңіп шығуы тиіс. Ал байқаудың шарты бойынша, Айға автоматтандырылған аппарат жіберуге мүмкіндігі бар команда жеңіске жетеді. Сондай-ақ, байқауға қатысушы команда жалпы шығынның 90 пайызын өзі өтей алатынына ұйымдастырушыларды сендіруі керек. Соған байланысты Audi компаниясы Part-Time Scientists инженерлер тобына қолдау көрсетуге бел байлады.
Бұл ретте компания топ инженерлеріне мамандардан кеңес алуға және Айда жүретін Audi Lunar Quattro аппаратын беруге келісім берді. Аталған аппарат бұған дейін Google Lunar XPRIZE бағдарламасы аясында екі жүлде жеңіп алып, барлығы 750 мың доллар табыс әкелгенін атап өткен жөн.
Егер барлық бастама ойдағыдай жүзеге асса Audi шығарған аппарат 2017 жылы Айға ұшырылмақ.
Еламан Қоңыр.
Дерек: vesti.ru.
Сурет: mail.ru.
• 15 Қаңтар, 2016
Германияның Audi компаниясы Айға өз аппаратын ұшырмақ

Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді
Елорда • Бүгін, 09:51
Астаналық оқушы әр адамның күніне қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі
Зерде • Бүгін, 09:43
Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:05
Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше