15 Қаңтар, 2016

Барак Обама келген қаласының атын есіне түсіре алмады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-01-2016-obama 01АСТАНА. 15 қаңтар. АҚШ президенті өзі келген қаланың атын шатастырып алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. The Washington Times басылымының хабарлауынша, Батон-Ружға іссапармен келген АҚШ президенті Барак Обама штат астанасын шатастырып айтқан. Ел басшысы Батон-Руж қаласының тұрғындарына қолдау білдіргендері үшін алғысын білдіріп, сөзін: «Рахмет, Жаңа Орлеан!», – деп аяқтаған. Осы басылымның мәлімдеуінше, бұдан бұрын Небраска штатының Омаха қаласында сөйлеген сөзінде ел президенті Құрама Штаттардың қашан құрылғанын ұмытып, АҚШ 250 жылдан бері өмір сүріп келеді деген. Алайда, 2015 жылы бұл ел Тәуелсіздігінің 239 жылдығын атап өткен болатын. Естеріңізге сала кетейік, 13-14 қаңтар күндері Барак Обама Небраска және Луизиана штаттарында болып, қарапайым америкалықтармен өзінің конгресстегі жолдауын талқыға салған еді. АҚШ президенті ретіндегі өзінің соңғы жолдауын Барак Обама конгресстің алдында 12 қаңтар күні кеште жолдады. Еламан Қоңыр. Дерек: РИА «Новости». Сурет: AP Photo.