Бұрнағы күні «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде өз айдынында Нижний Новгородтың «Торпедосын» қабылдады. Тартысты өткен кездесу нәтижесінде астаналықтар 5:2 есебімен басым түсіп, маусымдағы 25-жеңістеріне қол жеткізді.
Ойынның есебі бірінші кезеңнің соңғы минутында ашылды. Найджел Доус пен Брэндон Боченски ұйымдастырған шабуылға нәтижелі нүкте қойған Дастин Бойд матчтағы алғашқы голдың авторы атанды. Бұл кезде «Барыстың» бір ойыншысы артық болғанын атап өткен жөн.
Екінші кезеңді Андрей Назаровтың шәкірттері өте белсенді бастады. Нәтижесінде 25-минутта елордалықтар екі бірдей шайба соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Атап айтқанда, алдымен Майк Ландин кезекті рет ойыншы басымдығын жүзеге асырса, арада 45 секунд өткенде, Константин Романов мергендігімен көзге түсті. Алайда, қонақтар екінші үзіліске дейін есепті бір шайба айырмасына қысқартуға мүмкіндік тапты. 31-минутта Артем Аляев ойыншы басымдығын пайдаланып, командасының алғашқы голын соқты. Ал кезеңнің соңғы минутында Максим Осипов «Барыс» қақпашысы Ян Лацодан айласын асырды.
Соңғы кезең тағы да біздің команданың голымен басталды. Үшінші рет ойыншы басымдығын сәтті пайдаланған «Барыс» хоккейшілері Константин Пушкаревтің көмегімен қарсыластар қақпасына төртінші шайбаны енгізді. Тартысты кездесудің нүктесі 57-минутта қойылды. Бос қақпаны дәл көздеген Дастин Бойд дубльдің авторы атанып қана қоймай, командасын айқын жеңіске жеткізді.
Бүгінде 51 ойыннан 75 ұпай жиған «Барыс» Шығыс конференциясында 7-орында келеді. Команда келесі кездесуін 19 қаңтарда Астанада Минскінің «Динамосымен» өткізеді.
Еламан Қоңыр,
«Егемен Қазақстан».

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13