ӨСКЕМЕН. 19 қаңтар. Шығыс Қазақстан облысының орталығында су арнасы қызметінің тарифтері қайта қаралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап сумен қамтамасыз ету қызметінің бағамы қосымша құн салығын есептемегенде 3,9 пайыздан 5,5 пайызға төмендеді.
Өскеменнің ұлттық баспасөз клубында өткен брифинг барысында «Өскемен Су арнасы» МКК мен «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС энергия өндіруші компаниясымен келісім бекіткені белгілі болды. Өскеменнің су тарту және сумен қамту жүйесін қамтамасыз етуге күнделікті 5,5 мегават электр қуаты жұмсалады.
«Өскемен ГЭС-і жанымызда тұрғандықтан, тасымалдауға көп шығын жұмсалмайды. Орташа тарифтің шығындарын қайта есептегеннен кейін электр қуаты өткен жылмен салыстырғанда 1 кВт-қа төмендеді. Бұл халыққа арналған тарифті азайтуға мүмкіндік береді», – дейді «Өскемен Су арнасы» МКК директоры Ержан Әубәкіров.
Нәтижесінде, 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығында халыққа арналған сумен қамту бағамы 45 теңгеден 42,53 теңгеге дейін төмендесе, су тарту бойынша тариф 39 теңгеден 37,49 теңгеге дейін төмендеді. Ержан Әубәкіровтың айтуынша, ескі бағам бойынша төлемақы жасаған қала тұрғындарымен жаңа тариф бойынша есеп айырысу жүргізіледі.
Айта кету керек, тарифтің төмендеуіне байланысты жеке су есептеу құралы жоқ бір адамнан алынатын төлемақы сумен қамту үшін 362,21 теңгені, су тарту үшін 453,39 теңгені құрайды. Төлемақының жалпы сомасы қос қызметтің 39,30 теңгеге төмендеуімен 815,60 теңгеге тең болады.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12