ПЕТРОПАВЛ. 19 қаңтар. Жергілікті полиция қызметкерлері такси көлігін жалдап келе жатқан жолаушыларды шолақ мылтықпен ұстады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ярослав Гашек көшесі бойында жол-патрульдік полициясының кезекші жасағы жедел-алдын алу іс-шарасы аясында такси жүргізушісін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Ондағы екі жолаушы тәртіп сақшыларын көре салысыме қобалжып, сасқалақтап қалған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері келіп, қару тасушыларды полиция бөліміне жеткізген. Шолақ мылтық тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамасына жіберілген. Тексеру барысында 34 жастағы қару иесінің бұрын мүліктік қылмыстарға қатысты істі болғаны анықталған. Оның түсіндіруі бойынша, сол күні «Океан» сауда үйінің маңындағы туысының үйінде қонақта болған. Жертөледен кездейсоқ шолақ мылтықты көріп, өзімен бірге ала кеткен.
Сараптама нәтижесінде бұл тәркіленген қару 1949-1955 жылдар аралығында шығарылған бір ұңғылы аңшы мылтығының қысқартылып кесілген түрі екені белгілі болды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Қаруды заңсыз сақтау» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12