19 Қаңтар, 2016

Шығыс Қазақстанда хоккейшілерді құрметпен қарсы алды (фото)

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
3ӨСКЕМЕН. 19 қаңтар. Қазақстан құрамасының сапында Әлем чемпионатында өнер көрсеткен шығысқазақстандық хоккейшілерді жерлестері үлкен құрметпен күтіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Австрияда өткен әлемдік додада лайықты өнер көрсеткен үшін 12 хоккейшіні өңір жұрты Өскемен қаласының темір жол вокзалынан құшақ-құшақ гүлмен, қошеметпен қол соғып тұрып қарсы алды. Австрияның Шпитталь-ан-дер-Драу қаласындағы біріншілікте хоккейден еліміздің әйелдер құрамасы қола медальға қол жеткізген болатын. Сондай-ақ, биыл ұлттық құрама команданың басым бөлігін өскемендік хоккей мектебінің түлектері құрады. Команданың бас жаттықтырушысы – халықаралық және жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Ирина Могильникова. Айта кетейік, әйелдер арасындағы әлем біріншілігі (U18) 7-11 қаңтар аралығында өтті. Қазақстан құрамасы Румыния, Қытай, Австрия, Ұлыбританиядан келген мықты қарсыластарымен кездесіп, 4 ойында 3 жеңіске қол жеткізді. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz. 12 2