19 Қаңтар, 2016

Павлодардағы «Шығыс» кенішіне жаңа техника алынды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-01-2016-Jana mashsina 1ПАВЛОДАР. 19 қаңтар. Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы «Шығыс» кенішінің техникалық паркі Atlas Copco компаниясының FlexiROC D65 жаңа бұрғылау белдігімен толықты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Кеніштің техникалық қызметінің хабарлауынша, жаңа құрылғы мерзімі өтіп кеткен 5СБШ-200 бұрғылау белдігін алмастырады. Құны 213 миллион 755 теңге. Өнім өнімділігін арттырады. Жаңа құрылғы қауіпсіз. Халықаралық стандарттарға сай. Оператордың орындығы адамның бойы мен салмағына лайықталған. Бұрғылау кезінде айналаның барлығы анық көрінеді. Машина кабинасы жылы, жарық әрі салқындатқышпен қамтамасыз етілген, шу аз. Оператордың тез шаршап, қателіктер жіберуіне жол бермейді. Белдіктің қозғалтқышты және компрессорды реттеу-бақылау жүйесі, шаңбасу және алдын ала тазалау жүйесі бар. Қазіргі кезде «Шығыс» кенішінде осындай 12 бұрғылау белдіктері жұмыс жасайды. Олардың барлығы «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің қиын тау-кен геологиялық жағдайларында, бұрғылау жұмыстарының жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді. Ал, өңірдегі Ақсу қаласында орналасқан «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы (ЕЭК) Еуразиялық Топтың құрамына кіреді. Еліміздегі электр энергиясын және көмірді өндіріп шығаратын алып өндіруші кәсіпорын. Яғни, өндірілетін электр энергиясының 17 пайызын, көмірдің 20 пайызын өндіреді. Корпорация: «Шығыс» көмір кеніші және Ақсу электр станцасын құрайды. Кәсіпорында 6 222 адам еңбек етуде. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz. 19-01-2016-Jana mashsina 2