19 Қаңтар, 2016

Ақмола облысында полицейлер белгісіз мәйіт иесін анықтап жатыр

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-01-15-polic-1

КӨКШЕТАУ. 19 қаңтар. Ақмола облысының полиция қызметкерлері Целиноград ауданының «Астана - Киевка» трассасының бойынан табылған белгісіз ер адамның ақсүйектеніп қалған мәйітін зерттеп жатыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі негізінде egemen.kz тілшісі хабарлады. Мұндағы мақсат өліктің кімдікі екенін анықтау болып отыр. Табылған мәйіттің үстінде жейденің қалдықтары, сұр көк түсті, қоңырқай түсті гамаж, күрең түсті джинсы шалбар, күрең түсті шұлық болған. Белгісіз өліктің кімнің мәйіті екенін анықтау барысында бұған дейінүшті-күйлі жоғалып кеткен кісілердің тізімі тексерілуде. Осыған орай облыстық ішкі істер департаменті осы өлік жөнінде ақпары бар азаматтардың хабарласуын сұрайды. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.