19 Қаңтар, 2016

«Бейбарыс-Атырау» хоккей клубының директоры тағайындалды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-01-2016-sherbakov 01АТЫРАУ. 19 қаңтар. Атырау облысының «Бейбарыс-Атырау» хоккей клубының жаңа директоры белгілі болды. Бұл қызметке осы кезге дейін құрылыс саласында бизнеспен айналысқан жергілікті кәсіпкер Георгий Щербаков тағайындалды. Бұл туралы azh.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Георгий Щербаковтың өзі бұрын «Сұңқар» деп аталатын әуесқой командада ойнаған. Кейін шайбалы хоккей ойнауға құмар әуесқой жігіттермен бірге «Легион» командасын құрған. Оның негізгі кәсібі құрылыс саласындағы бизнеспен байланысты еді. Енді бизнестен біржолата қол үзіп, «Бейбарыс-Атырау» хоккей клубының кәсіби деңгейін көтеруге түпкілікті кірісуді көздеп отыр. «Ең басты мәселе – қарыздардан құтылу қажет» деген жаңа директордың пікірінше, клубтың электр энергиясы мен газ үшін бережағы бар. Сонымен бірге, спорттық киімдер мен құрал-саймандарды да қарызға алғаны белгілі болып отыр. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: azh.kz.