АСТАНА. 20 қаңтар. Америкалық белгілі гитарашы, әлемге танымал Eagles рок-тобының негізін қалаушылардың бірі Гленн Фрай 68 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Үлгілі әке, сүйікті жар, адал дос бола білген ардақты азамат соңғы апта бойы ревматойдтық артрит, тоқішек жарасы және өкпе қабынуы дерттеріне қарсы қанша күрескенімен, өкінішке қарай жазмыштан оза алмады», – дейді отбасы және ұжым мүшелері.
Айта кетейік, Eagles рок-тобын алғаш Фрай және Хенли екеуі 1971 жылы құрған. Олар One of These Nights, Best of My Love, Life in the Fast Lane, Take it Easy, Tequila Sunrise сынды белгілі хит әндерді бірінен кейін бірін жариялады. Әрине оның ішінде Hotel California да бар. Осыдан кейін ұжым бүкіл әлемге танылды. Бір ғана Their Greatest Hits (1971-1975) ән-жинағы 29 миллион тиражбен сатылып, бұл жағынан Майкл Джексоннан кейінгі екінші орында тұрды.
Eagles 1971-1980 жылдар аралығында халық алдында өнер көрсетті. Ал 1994 жылы MTV арнасына жазылу үшін қайтадан бірікті, 1994-1996 жылдары жаңа айналым ұйымдастырды. Осы уақыт ішінде олар 160 концерт өткізді. Гленн Фрай Eagles құрамында жүргенде 1998 жылы рок-н-ролл Даңқ залына қабылданды. Ұжымның шығармашылық туындыларының сатылым көлемі 100 миллионнан асып түсті.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.

Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше