20 Қаңтар, 2016

Елбасы еңбегіне ерекше ықылас білдірілген хат

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президенттің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Жамбыл облысы жұртшылық өкілдерінен хат келгенін хабарлады. Авторлар хатта былтырғы жылдың ел өмірінде айшықты оқиғаларға толы болғанын айтады. Соның ішінде мемлекеттілігіміздің негізі – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің айрықша орны бар екенін атап өткен. «Сіздің шешіміңізбен Астанада басталған мереке жалғасын тауып, Қазақ хандығының туы көтерілген Жамбыл жерінде зор табыспен өтті. Хандықтың мерекесі халықтың берекесі болды», – делінген хатта. Жұртшылық өкілдері мерекелік шаралар аясында ашылған жаңа нысандар Тараз шаһарының көркіне көрік қосып, елдің рухын көтере түскеніне, жастардың тарихи санасын жаңғыртқанына назар аударған. Соңында авторлар болашақ ұрпақ үшін барлық жағдай жасалып жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Елбасына мықты денсаулық пен табыс тілеген.