Әсілі, әр адамның бойында қандай да бір қасиет болады. Сол қасиетті дер кезінде ұстап, жүре келе бағалай, бағамдай білсе Алла түрлі себептермен жолын ашып тұратыны тағы бар. Бір мүшел жасында ел аузына ілініп, қасиеттілігі ұрпақтан ұрпаққа айтылып келе жатқандардың бірі Көтен тәуіп. Ел аузынан жиылған деректерге сүйенсек, тәуіп Жетісудың жеті өзенінің бірі Лепсінің бойында өмір сүріп пешенесіне жазылған емшілік, көріпкелдік, жауырынмен ашатын болжамшылық, бақсылық, қобызшылық секілді құдіреттің күшімен қонған қасиетті бағалапты. Жаугершілік заманда қиындықтарға мойымай ел сүйенішіне, ақылшысына айналыпты. Сөйтіп, халық жадында жазылып қалыпты. «Жетісу энциклопедиясында» «Көтен тәуіп, Жалаңаш әулие (1709-1810) – Жетісу өңіріне белгілі емші, көріпкел. Ел аузындағы әңгімелерде Абылай ханның үш әулиесінің бірі делінеді. Кезінде әйгілі Бөгенбай батырдың жау найзасынан болған ауыр жарақатын әулие емдеп жазған. Лепсі кентінен 28 шақырым жерде Қысқаш тауының бөктеріндегі жыңғыл, сексеуілден салынған бұрынғы зиратының орнына 1994 жылы кесене тұрғызылды» деп жазылған.
Көтен тәуіптің тағы бір қыры шын көңілімен сыйынып, қазақы ырыммен зиратына келген адамның өмірде жолы ашылады екен. Оған дәлелді алыстан іздемей бүгінде жоғары лауазымды қызмет істеп, тасы өрге домалап тұрған бір азаматты айтуға болады. Ол Көтен тәуіп аруағына тәу еткен соң жолы ашылып, бүгінгі биікке көтерілгенін халық айтып жүр.
Жалпы, тарихта Көтен тәуіп есімді екі кісі болған. Екеуінің де сүйектері Жетісуда жатыр. Бірі Алматы облысы, Ақсу өзені бойындағы матай руынан шыққан емші Көтен тәуіп Байғотанұлы. Ол кісінің емшілігі сол үнемі ат үстінде жүргендіктен тік ішек ауруына душар болатын Қабанбай батырдың жауынгерлерін емдеген екен. Ал екіншісі осы мақалаға арқау болып отырған садыр руынан шыққан әйгілі Көтен тәуіп Қоңырбайұлы. Бұл кісінің асқан қобызшы болып, тіпті бір аламан бәйгеге қобызын қосып бас бәйгені ұтып алғаны, қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы шешуші бір соғыс алдында жоңғардың әскери бекінісінің ғана төбесіне аспаннан қара бұлтты үйірілтіп нөсерлете жауын жауғызып, құтын қашырғаны, сол жоңғарлардың сәуегейлерінің мысын басып отырғаны, сырқатына ем іздеп алыс-жақыннан тіпті, Сыр бойынан Жетісуға жеткен науқасқа бір жасаған емі қонғаны туралы ақиқаттар қара сөзбен де өлең өрнектерімен бүгінгі күнге жеткен. Соның бәрін сүзіп алып тобықтай түйін жасағанда, өз заманында елі, жері үшін аянбаған Көтен тәуіп Қоңырбайұлы атты әулиеге бүгінгі ұрпақ қандай құрмет көрсете алды деген сауал алдан шығады. Жуырда Талдықорған қаласының тұрғыны Арғынғазы Сыздықов Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қарашыған ауылдық округі, Мұқан Төлебаев ауылының 22 қариясы бас қосып, осы елді мекенде пайдаланылмай бос тұрған балабақша ғимаратын халық қажеттілігі үшін Алланың жердегі үйі Көтен тәуіп атындағы мешітке айналдыру жөнінде тиісті орындарға ұсыныс түсіргендерін айтты. Қаржылай көмек көрсетуге ниет еткен азаматтар болса Ж/К «Көтен Тәуіп Ата» деген дөңгелек мөрі бар есеп шот ашылған № KZ 659982 TB 0000305710 БИК банк : TSESKZKA БИН банк: 130241000992 Талдықорған қаласы АО «Цесна Банк»). Қорыта айтқанда, осынау игілікті істен иманжүзді жандар шет қалмас деп ойлаймыз. Мұндайда іске сәттілік тілеп тілеуқор бола білу де адами құндылықты танытары анық.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36