АСТАНА. 21 қаңтар. Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде «Барыс» Омбының «Авангардынан» ойсырай жеңілді. Астанада өткен кездесуде матч қонақтардың пайдасына 7:2 есебімен аяқталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Ә» дегеннен омбылықтар басымдыққа ие болып, жойқын шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде алғашқы 9 минутта «Авангард» ойыншылары 3 шайба соқты. Алдымен 1-минутта Владимир Соботка есеп ашса, арада бар болғаны 2 минутқа жетер-жетпес уақыт өткенде, Владимир Михеев таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Ал 9-минутта Соботка дубльдің авторы атанды. Бұнымен де шектелмеген ресейліктер үзіліске дейін біздің қақпаға тағы бір шайба енгізді. Атап айтқанда, 18-минутта шабуылшы Николай Лемтюгов есепті ұлғайтты.
Ірі есеппен алға шыққан қонақтар екінші кезеңде де қарқынын бәсеңдетпеді. Бірінші бөліктің нүктесін қойған Лемтюгов бұл кезеңде алғаш болып гол соқты (22-минут). Абырой болғанда, астаналықтар 28-минутта Найджел Доустың көмегімен бір шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Тіпті үшінші кезеңде, яғни, 54-минутта «Барыс» сапынан Роман Старченко мергендігімен көзге түсіп, жанкүйерлерге үміт сыйлаған еді. Алайда, Андрей Назаров шәкірттерінің одан әріге шамалары жетпеді. Есесіне, «Авангард» соңғы секундқа дейін ойнап, тағы екі гол соқты. Бұл жолы Юрий Александров (58-минут) пен Иван Фищенко (60-минут) еншілеріне бір голдан жазды. Осылайша, «Барыс» маусымдағы 27-жеңілісіне ұшырады.
Ойын барысында есте қалған басқа эпизодтарға келер болсақ, 35-минутта біздің тафгай Дамир Рыспаев қарсыластың қорғаушысы Михал Кемпниге қарсы дөрекі ойнады. Ол аздай, омбылыққа жұдырығын ала жүгірген Рыспаевты төреші ойын соңына дейін айдыннан қуды.
Сонымен қатар, ойынның алғашқы 2 минутында «Барыстың» қақпасын Ян Лацо күзетсе, 3-минуттан 22-минутқа дейін жаттықтырушылар Павел Полуэктовқа сенім артты. Дегенмен, ол да өзіне артылған міндетті ойдағыдай орындаған жоқ. Соған орай қалған уақытта қақпаға Ян Лацо тұрды.
Бүгінде қоржынында 78 ұпайы бар «Барыс» Шығыс конференциясында 7-орында келеді. Елордалықтар келесі кездесулерін 25 қаңтарда өз айдынында Нижнекамскінің «Нефтехимигімен» өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hcbarys.kz.

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10